Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
1993 жылы ел аумағында жаңа валюта таратыла бастады. Ақша айырбастау жұмыстары біздің ауданда да қарқынды жүргізілді.
1996 жылы Атланта Олимпиадасынан жерлесіміз Ермахан Ыбырайымов қола жүлдемен оралды.
1997 жылдың 5 наурызында Құлан ауылындағы 1-мамыр көшесіне жерлесіміз Әбжаппар Жылқышиевтің есімі берілді.
1998 жылы Астана қаласында өткен бәйгеде Құлан ауылының тұрғыны Бүбархан Қазбековтың «Восток» атты жирен қасқа дөнені бірінші орынға ие болып, сәйгүлік иесі ел Президентінің қолынан «Тайота» автокөлігінің кілтін алды.
1999 жылдың наурыз айында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Онда Жамбыл облысындағы Луговой ауданын қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың есімімен атауға пәрмен берілді.
2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында ауданның қос бірдей спортшысы жүлдегер атанды. Атап айтар болсақ, бокстан Ермахан Ыбырайымов алтыннан алқа тақса, еркін күрес шебері Ислам Байрамуков күміс жүлдегер атанды.
2001жылдың 16 маусымында аудан әкімі болып Ержанбек Нұрбеков тағайындалды.
2002 жылы 18 қазанда аудан орталығында Тұрар Рысқұловтың ескерткіші бой көтерді.
2003 жылдың 23 мамырында түнгі 1 сағат 12 минутта ауданда 6,5-7 баллды жер сілкінісі болды. Аздаған уақыт аралығында нысандар ретке келтіріліп, жаңа көшелер пайда болды.
2004 жылы аудан дәрігерлері зор қуанышқа кенелді. Өйткені оларға су жаңа қызметтік көліктер табыс етілді.
2005 жылдың 1 қазанында Жамбыл облысының Данияр есімді миллионыншы тұрғыны Құлан ауылында дүниеге келді.
2009 жылы Құлан ауылында ауданның алғашқы үшемдері Әбдрайымовтар әулетінде дүниеге келді. Олардың есімдері – Нұрхан, Әлихан және Райхан.
2011 жылы қазақтың қабырғалы ақыны, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуандық Шолақ 70 жасқа толды.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында жерлесіміз Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды.
2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің аудан аумағындағы бөлігі пайдалануға берілді.
2014 жылы Луговой ауылында 280 орындық «Алтын сақа» балабақшасы пайдалануға берілді. Аталмыш нысанның лентасын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қожайхан Бижанов кесті.
2015 жылы қазіргі Ақниет ауылдық округінде 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған ғимараттың құрылысына 675 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалған.
2016 жылы жерлесіміз Елдос Сметов Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.
2017 жылы республикалық автодәліздің бойынан Дулат баба кесенесін салу жоспарланып, алғашқы кірпіші қаланды. Бүгінде аталмыш тарихи нысан туризмді дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.
2018 жылы ауданның тумасы, жанашыр жан, белгілі кәсіпкер Сайрамбай Дөненбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Ауыл шаруашылығын алшаң бастыруға өз үлесін қосқан ауыл ағасының бұл марапаты ауданның 80 жылдығына орай айрықша тарту болды.
2019 жылы Жалпақсаз ауылында жаңа бастауыш мектебі пайдалануға берілді.
2020 жылы ауданда алғаш рет «Арай» тұрғын үй кешенінің алғашқы іргетасы қаланды.
2021 жылы «Сұлутөр» кинотеатры соңғы үлгіде қайта жабдықталып, пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығы Алшаң басып келеді
Тәуелсіздік алғалы бері елімізде аталмыш сала қарқынды дамып келеді. Сала жұмысының жандануына, дамуына аудандық диханшылардың да қосқан үлесі орасан зор. Мәселен, сонау Кеңес одағының уағында да біздің аудан аграрлы аймаққа жатқызылып, тың игеру жұмыстары тыңғылықты атқарылып отырды. Әсіресе, тау тұлғалы Д.Қонаевтың кезінде қазіргі Ақниет ауылдық округіне бөлінген көңіл ерекше болатын.
Аудандық агромамандар сол қарқындарын қазіргі уақытта да бір сәтке болсын бәсеңдеткен емес. Оны қырманға толған мол астықтың мөлшерінен анық аңғаруға болады. Мәселен, ағымдағы жылы жалпы 146,6 мың гектар егістік жер толық игерілген. Оның басым бөлігіне, яғни 64 101 гектарына күздік бидай, 56 220 гектарына жаздық арпа егіліп, құрғақшылыққа қарамастан, тиісті деңгейде өнім алынған.
Өндіріс көлемі артуда
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші 27 шағын кәсіпорындар мен цехтар бар. Оның ішінде11-і диірмен болса, 10-ы наубайхана. Сондай-ақ, аудан аумағында 2 шұжық өндіру цехы, 1 май шығару цехы, 1 сүт өңдеу цехы, 1 қымыз өндіру зауыты тіркелген. Бүгінде олар өндіріс көлемін арттырып, тұтынушыларға сапалы өнім дайындауды көздейді. Мәселен, «Ақтоған» шаруа қожалығының макарон шығару цехында 20 түрлі макарон өнімдері өндіріліп, жылына 24 тоннаға дейінгі тауар облыс көлемінде нарыққа шығарылуда.
Техника паркі 13,8%-ға жаңартылған
Мол өнімге қол жеткізу үшін техниканың да атқарар рөлі ерекше. Осыны түсінген мамандар биылдың өзінде 1,2 млрд. теңге қаражат жұмсап, 157 дана техника алған. Осылайша биылға бекітілген жоспар 141 пайызға орындалып, нәтижесінде аудандағы техника паркі 13,8 пайызға жаңартылған.
Мал басы артуда
Соңғы жылдары ауданда мал басы да біршама артқан. Мәселен, ірі қара саны – 40 462 бас болып, 105%-ды құраса, қой мен ешкінің саны – 558 897 басты құрады. Жылқы саны – 22 730 басқа жетсе, түйе 79 басқа жеткен. Ал құстар 102,4%-ға өсіп, 123 923-ке жетіп отыр.
Жоба жеткен жетістіктер
Аудандағы төрт түліктің санының артуына тікелей әсер еткен фактордың бірі – пилоттық жоба. Өздеріңізге белгілі болар, «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту» арналған пилоттық жобаға аудан аумағынан Құмарық ауылдық округі таңдап алынған болатын. Нәтижесінде 230 жеке тұлғаға 797,2 млн. теңге несие берілді. Оның ішінде: 676,8 млн. теңгеге 7 008 мал басы сатып алынса, АШК-не айналым қаражатына 21,9 млн. теңге бөлінді. Ал 89 950 мың теңге 17 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсалды.
Ауданда 408 килограмм алтын өндірілді
Соңғы жылдары ауданда кәсіпкерлік саласы да қанатын кеңге жайып келеді. Аты аталған саланың дамуына Қорағаты ауылдық округіне тиесілі «Көкқия» тау шаатқалында алтын өндірумен айналысып жатқан «GOLDEN COMPASS CAPITAL» кәсіпорнының қосқан үлесі орасан зор. Келешегі кемел кәсіпорын өткен жылы 408 кг дейін өнім өндірген болатын. Бұл көрсеткіш биыл да еселей түседі деген сенімдеміз.
Тұрғындарға жайлы жағдай жасалуда
Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 1422 адам тіркелген. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Аталмыш бағдарламаның аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан алғашқы 80 пәтерлі 5 қабатты үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, бүгінгі күнге толық аяқталды. Айта кетейік, аты аталған жұмыстардың барлығы тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылуда.
Бетті әзірлеген Жәнібек Сұлтан.