Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Атақты «Ватерлео–Бородино» шайқасы туралы біз Ресей тарихында жазылғандардан басқа не білеміз? 1812 жылғы Москва түбінде болған Наполеон мен Кутузовтың қақтығысының немен аяқталғанын да күні бүгінге дейін орыстар бізден жасырып келді емес пе?.. 600 мың қолмен келген француздардан ойсырай жеңілген Кутузов олардың 14 сағат бойы шабуылына төтеп бере алмай, майдан даласын тастап қашқаны қорқақтық емей немене? Император Бонапарт сонда жалғыз көзді орыс қолбасшысының есін бір шығарып еді. Орыстар өзінің 100 мың әскерінен айырылып, «Алтын орданың» астанасы болған Мосқауды француздарға еріксіз беруге мәжбүр болғанын біз арада бір ықылым өткенде ғана тарихшы, ғалым Мекемтас Мырзахметовтың аузынан естіп отырмыз.
Үрей билеген Ресей патшасы Александр I қазақ хандарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонда Ұлы жүз 50 мың, орта жүз он екі мың, кіші жүз 30 мың әскерімен, башқұрт ағайындар 10 мың қолымен француздардың зеңбірегінен қаймықпай, қанды шайқасқа шықты. Ресейліктер сонда да өздерінің әлсіздігін көрсетпеуге тырысып, кейін Ресей тарихына: «Орынбор полкы» мен «башқұрт полкын» – «жабайы кавалерия» деп атап, қазақ атын мүлдем естіртпеуге тырысты. Француз генералы осы шайқас туралы өзінің баянында: «Бұлар орыстар емес әр түрлі азиаттар, тегі кентаврлар десе де болады. Өйткені олардың әскери машығы, қылыштасуы әбден шыныққан кавалерияға ұқсайды» деп жазды. Қазақтар мен башқұрттардан құралған 102 мың қол Кутузов әскерінің рухын көтерді, тіпті олар Смоленск түбінде жауға «Абылайлап» лап қойды. Сөйтіп, француздарды орыс жерінен қуып шықты. Осы бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен он бір қазақ батырының есімі бізге белгілі. Олар: Майлыбайұлы, Боранбай Шуашбайұлы, Аман Байбатырұлы, Орымбай Жанжігітұлы, Сағат Хамитұлы, Қарымбай Зындағұлұлы, Мұрат Қолшоранұлы, Ықсан Әубәкірұлы, Жақып Биляков, Немереш Азаматұлы, Мұхамед Әбдірахманұлы. Оларға Ресей ордендері мен шендері берілгені белгілі.
Иә, тарих тереңіне көз жүгіртсек, талай құпияның беті ашылары сөзсіз. Сонымен жауынгер, өр рухты қазақ батырлары атынан ат үркетін император Наполеон Бонапартты да, тегі екінші дүниежүзілік соғыста Москваны гитлершілдерден қорғап қалып, тарихта теңдесі жоқ екі ерлік көрсетті. Француздар осы тарихи шындықты жалпақ жұрттан жасырған жоқ. Қайта 1995 жылы Ватерлео шайқасының 180 жылдығын атап өтіп, оған Қазақстанды да арнайы шақырды. Француздар қазақ жұртына үлкен қошемет көрсетіп, біздің атты кавалериямыздың ерліктерін осы күнге дейін дәріптеп жүргенін жеткізді. Қазақстаннан Парижге жеткізілген 8 зеңбірек, 30 ат пен 6 киіз үйді олар әлі күнге дейін тарихи мұра ретінде сақтап отырса керек. Сондықтан қазақты рухты, батыр халық деп атап, бабаларымыздың ерлігіне бас иейік, тарихымызды ұмытпайық, ағайын.
Қ.Сейсен.