3d-flip-book
domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init
action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /newhome/kulan638/public_html/wp-includes/functions.php on line 6114Ауданымызда отбасыларды татулық пен бірлікке үгіттеп, ынтымақтастық пен ауызбіршілікке шақыратын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртып, отбасы мәртебесін жоғарылатуды мақсат тұтқан «Мерейлі отбасы» байқауы 2013 жылы басталған. Осы конкурстың аудандық кезеңінен құжаттары мен еңбек нәтижелері талаптарға сай, қоғамдық өмірдегі қол жеткізген табыстары мен еңбектері елеулі екі отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өз өнерлерін үлкен өңірде көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Шаңбаевтар отбасы – ынтымағы мен бірлігі жарасқан үлгілі отбасылардың бірі. Ордалы отбасының тірегі, киелі шаңырақтың отағасы Шаңбаев Шалданбай ақсақал – соғыс ардагері, шөбере мен шөпшек көрген ардақты ата. Әдеп туралы ұмытқан әдепкі өмірде қазақтың құндылықтарын сақтап, салт-дәстүрлерін сыйлап, әдет-ғұрыптарын бұзбаған Шаңбаевтар отбасы көпке үлгі, талайға тағылым екені шындық. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев «Бүгінгі жастар бабалардың «тәк-тәк» деген тыйымдарымен емес, TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр. Жастардың ел дегенде жігері тасып, жер дегенде жүрегі жанып тұру үшін ақсақалдардың кесімді сөзі, ақ жаулықты әжелердің шешімді ақылы керек. Осы қасиеттер бұл отбасылардан анық аңғарылып тұр», – деді.
Ырысы мен ынтымағы жарасып, «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне өткен отбасылардың тағы бірі – Дәлібаевтар отбасы. Бұл отбасы 2018 жылы Құлан ауылынан 75 орындық «Aziza» жекеменшік бөбекжай-бақшасын ашып, балалардың саналы һәм сапалы тәрбие алу үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Дәлібаевтар отбасы қайырымдылықты да ұмытпай, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Мәселен, 2019 жылы Қорағаты ауылындағы тұрмысы төмен жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үй сатып алып берген. Жиында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан бірлігі бекем, татулығы мығым отбасылар туралы сөз сөйлеп, алдағы жарысқа сәттілік тіледі. Ол «Сіздер жайсаң бабадан, айтулы атадан, абыройлы әкеден тәлім-тәрбие алып – берекелі отбасыға, мерекелі әулетке айналдыңыздар. Сіздердің тамырларыңыз тереңде жатыр. Бұтақтарыңыздың бүтін, жапырақтарыңыздың жасыл, ағаштарыңыздың мәуелі болып, жемістеріңіздің жайқалып тұрғаны сондықтан. Бата мен пейілдің, ақ тілек пен ізгі ниеттің арқасында үлкен жетістікке жетіп отырсыздар. Сіздерге сәттілік серік болсын, облыста өтетін жарыстан жеңімпаз болып оралуларыңызға тілектеспін», – деп, жастарға өз батасын берді.
Жәнібек ҰЛЫҚБЕКҰЛЫ.
С 15 мая по 15 июня принимаются заявки районного (городского) тура Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2022»
Организаторами конкурса являются акиматы районов и г. Тараз.
Заявка для участия в конкурсе подается вместе со следующими документами:
1) копий документов, удостоверяющих личность родителей (опекунов, попечителей), копий свидетельств о рождении детей;
2) копии выписки из решения местного уполномоченного органа об установлении над несовершеннолетним ребенком опеки (попечительства) – для приемных (опекунских) семей;
3) копии свидетельства о заключении брака;
4) копии свидетельства о смерти, в случае смерти одного из родителей (при наличии);
5) копий документов, свидетельствующих о наличии поощрений за воспитание детей, поощрений за определенные успехи;
6) рекомендательных писем от юридических и (или) физических лиц (не менее двух);
7) копий документов, подтверждающих трудовые, спортивные, творческие, интеллектуальные, научные достижения членов семьи;
8) копий документов, подтверждающих участие в общественно-полезной деятельности (волонтерство, благотворительность, меценатство, наставничество);
9) согласия на сбор и обработку персональных данных.
Полную информацию можно получить в районных (городском) отделах внутренней политики или на официальных сайтах акиматов.
Телефон для справок: 8(7262) 45-99-90
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2018 жылы ауданымыздан Ниязқұловтар отбасы қатысып, республикалық кезеңде топ жарған болатын. Содан кейін қатысқан Бекқұлы әулеті де облыста жеңімпаз болды. Ардақты ағайын, байқау шарттарына зер салыңыз. Сіздің де жеңімпаз атануға толық мүмкіндігіңіз бар.
«Мерейлі отбасы – 2022» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушылары: Тараз қаласы және аудан әкімдіктері.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе аудан (қала) әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады.
Анықтама телефондары: 8 (7262) 45-99-90.
Өткенде байқаудың аудандық кезеңінен сүрінбей өткен Бекқұлы Әлінің отбасы облыста да жарқырап елдің алдына шықты. Бұл жолы ұлттық байқауға келіп қатысқан алты үйілменнің ішінен тағы да ерлі- зайыпты Бекқұлы Әлі мен Тұрсынкүл Жазықбайқызының мерейі үстем болып, бас жүлде мен 500 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.
Байқауға қатысқан алты отбасы да бәйгеден құралақан қалмады. Бірінші орын Байзақ ауданынан келген отбасына бұйырды. Қалған төрт орынға да ақшалай сыйлықтар берілді. «Мерейлі отбасы» ұлттық б а й қ а у ы н ы ң е к і н ш і к е з е ң і н і ң қорытындысы бойынша бәйгелерді облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова табыс етті.
Сөйтіп, бас жүлде мен бірінші орынға ие болған екі отбасы байқаудың үшінші, шешуші кезеңі өтетін ел астанасы Нұрсұлтан қаласына баруға жолдама алды.
Б і з ж е р л е с і м і з Қ а з а қ с т а н Республикасы білім беру ісінің үздігі, ауданның Құрметті азаматы, тарихшы-өлкетанушы Бекқұлы Әлі мен оның зайыбы, 28 немере, 4 шөбере, 5 ұл, 3 қыз тапқан «Алтын алқалы» Батыр Ана Тұрсынкүл Жазықбайқызын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Суретте: «Мерейлі отбасы»
ұлттық байқауының облыстық
екінші кезеңінің жеңімпазы Б.Әлі.
Інжілде Соломон яғни, Иудей патшасы (928-965 ж) Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы Алланың әмірімен түгел қаза болғаны туралы аңыз айтылады. Сонда да Дәуіт (ә. с.) пайғамбар сабыр сақтап, Тәңіріне құлшылық жасай беріпті. Сөйтіп, Алла Тағалам оған отыз ұлға татитын Сүлейменді берген екен. Сол Сүлеймен пайғамбар аң мен құстың, жан-жануардың тілін біліпті. Біздің әңгімемізге арқау еткелі отырған Бекқұлы ағамыз «шыр» етіп жарық дүниеге келген соң әкесі Әлі көп ұзамай фәни дүниеге аттанады да шешесі Нақбаланы ағайындары қазақы салтпен қайнысы Нұралыға қосады. Құдайдың құдыретін көрмейсіз бе, осы Нақбала апа он үш құрсақ көтереді.
– «Менің шешем Күлшетай да он үш құрсақ көтерген кісі. Ол кез зар заманнан жұрттың запы болған өлара мезгілі еді ғой. Шешемнен он бала, ал, енемнен сегіз нәресте шетінепті. Екі анамыз да 100- ге келіп, шын дүниеге аттанды. Есесіне артында біз қалдық. Баласы өле берген соң анам менің ныспымды «Тұрсын» қойыпты. Онысы: «енді балам шетінемесін»дегені екен ғой. Құдайдың бізге деген «көзі» түзу болды ма, мен Бекқұлы ағаңнан үш қыз бес ұл көтердім, олардың екеуі егіз болды. Бәрі де дін аман, шаңырағымыздың қуанышын толтырып жүріп жатыр. Әйтпесе, олардан 28 немере мен төрт шөбере сүйер ме едім? Бұл да болса Алланың бізге көрсеткен рақымы шығар» дейді Тұрсынкүл жеңгей «Мерейлі отбасы» байқауынан келген күні бізге берген сұқбатында.
Ө з і м ы н а у Б и л і к ө л м а ң ы н д а ғ ы Майтөбенің қызы екен. Бес биенің сабасындай болған алтын құрсақты ана мед училищені тауысып, сонау 1967 жылдары Жаңатұрмыс ауылындағы Әлі қарттың босағасын аттағалы бері алғаш ауылдың ауруханасында он бес жыл бел жазбай мейірбике болды. Кейін жолдасы көрші Каменка ауылына қызмет бабымен ауысқан соң «Солнышко» санаторийінде он бір жыл үзбей тағы да сол мейірбикелік қызметін одан әрі жалғастырды. Жұмыстан қол үзбей жүріп омырауына «Ана Даңқы» орденінің күміс пен алтын белгісін тақты. Мерейлі отбасы атанып, республикамызда алтыншы мәрте өтіп отырған байқауға қатысуына жұбайы Бекқұлы ағай себеп болған. Оның да жөні бар еді. Өйткені, өткен жылы республикалық байқауда бас жүлде алып, машина мінген Өмекең — Ө.Ниязқұлов өзінің замандасы. Тәуекелге бел буып, сегіз отбасымен байқауға қатысуының да себебі сол еді. Енді міне, ерлі-зайыпты екеуі ойламаған жерден төрт отбасымен бірге байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып отыр.
Ендігі әңгіме Бекқұлы Әліұлының өзі жәйлі болмақ. Өйткені Бекеңнің қоғамымызға сіңіріп жүрген еңбегі ұшан теңіз. Өзі тарихшы-өлкетанушы, сонау 1970 жылдан бері қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді іздеп, солардың дерегін жинап келеді. Бәрін де басынан бастайықшы…
– Мені Ташкенттегі инженерлік-көлік институтында оқып жүргенде әскер қатарына алып кетті. Әскерден келген соң оқушыларға дене тәрбиесі мен бастауыш әскери дайындық пәнінен дәріс бердім. Ал, 1985 жылы Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы мектебіне тәрбие ісі бойынша завуч болып келдім. Міне, сол кезден бастап Брест қорғаушыларын деректеп, іздестіре бастадым. Қамалды қорғауға қатысқан 128 жамбылдықты таптым. Бұл еңбегім кейін «Бресткая крепость. 1941 год»деген кітапта жарық көрді. Сонымен қатар халықаралық әскери энциклопедияның «Даңқ» атты галереясына енді. Маған арнайы диплом мен медаль тапсырылды. Одан соң Ленинград-Новгород сапарын деректеу барысында 235 жамбылдық жауынгердің есімін ескерткіш-тақтаға жаздырдым. Ал, Волокаламск, Зубцовск, Ржев, Великие Луки, Небель, Смоленск, Орел, Курск сапары нәтижесінде де 400-ге жуық жерлесіміздің есімдері ұлықталды. 2014 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасадым. Бұл маған ТМД ізшілдерінің Курск форумына қатысуыма жол ашып берді. Сөйтіп, 71 жылдан соң Кеңес Одағының Батыры А м а н т а й Д ә у л е т б е к о в т ы ң К у р с к облысындағы Понери селосындағы қабірін таптым. Даңқты мерген Ыбырайым Сүлейменовтың ерлік істері жайлы «Тағзым» атты деректі фильм түсірдім. 2016 жылы Брест қамалы мұражайының шақыруымен қамал қорғанысының 75 жылдығына орай қорғаушылардың он ұрпағын бастап Брест қамалына келдім. 25 мың адам қатысқан осы шара кезінде 56 жамбылдық жауынгердің портретін көтеріп, қамал көшелерімен өттік.Осы жолы «Брест қорғаушылары» атты фильм түсіріп қайттым.
Сталинград шайқасына қатысқан жамбылдық 1075 жауынгердің тізімін осы жолы ұсындым. Мамаево-Кургандағы ескерткіш-белгінің ашылу рәсімінде қазақ топырағы салынған құтыны жер қойнына тапсырып қайттым. Дәл сол кезде «Сталинград шайқасына – 75 жыл» фильміне түстік, — дейді Бекқұлы ағай. Бекеңнің Ресей жеріндегі болған сұрапыл соғыс туралы әңгімесі түгесілмейді. Ол көзбен көргендерін талай аудиторияда жыр етіп айтып беріп жүр. Оның сонау 70-ші жылдардан бері алған Құрмет Грамоталарының тізімін жасасақ, бір газет бетіне сия қояр ма екен. Дегенмен оның КСРО ДОСААФ, Қазақ ССР –ы мен КСРО оқу-ағарту министрі мен Қарулы Күштері Орталық мұражайы берген мадақтаулары өзінше бір төбе. Бекқұлы Әліұлы 1995 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атанды. Ал, 2015 жылы оған Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Облыс пен аудан әкімінің, республикалық арадагерлер қоғамдық кеңесінің грамоталарымен қоса 2018 жылы оған «Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысы» төсбелгісі, республикалық «Аманат» қоғамдық сыйлығы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі берілді. Осының барлығы осынау мазасыз жанның жылдар бойы сапарларда төккен ізденістерінің өтеуі деу керек шығар.
Бұл Бекең Брест барды, Мәскеу барды,
Бірталай майдангердің қолын алды,
Қан майданда соғысқан қазақты іздеп,
Белгісіз солдаттарға сұрау салды.
Төзімі бұл ағайдың мықты екен,
Екі мың жоқ боздақты тауып алды.
Солдаттың шинелінен шықты ме екен,
Дәл былтыр Новгородқа тағы барды.
Каменкаға кеп тарихшы болдың,
Бауыр іздеп, Брестке қондың,
Москва қорғаушыларын тауып,
Батыр қала Ленинградта болдың.
Сізге солдат шинелінің исі сіңген,
Сізді біреулер: «белгісіз солдат»…
дейтін көрінеді…құдай-ау,
Жұмбақ…салт атқа мінген.
Ендеше жортқанда жолыңда…
Қызыр ата болсын жолдасың.
Өзің тапқан белгісіз…Екі мың …
боздақтың, әруағы қолдасын!
Отағасы өзі өсірген ұл-қыздарымен мақтана алады. Қыздары Райхан мен Раушан, Нағима, егіз ұлдары Сәбит пен Мұхит, Жеңісі мен Мәжиті жоғары білімді маман, әке мен ана мақтанышы. Қолдағы ұлы Жеңісі және Мельсі «Жеміс-Бек» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. Шөберелері Жансая мен Нұрсая, Ақжүрек пен Асылхан ата-ана қуанышы. Осындай көпбалалы өскен-өнген отбасын қалайша өнегелі, мерейлі отбасы демеске. Қазір рамазан айы. Анда-санда қара шаңырақта бас қосқанда Әлі әулеті бір қауым ел болады екен. Ендеше не дейік, осынау үбірлі-шүбірлі отбасының мерейі үстем бола берсін. Отағасы мен отанасына осындай тәрбиелі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп отырғаны үшін мың да бір алғысымызды білдіреміз.
С.ҚОЖЕКЕ.
Суретте: ерлі—зайыпты Тұрсынкүл Жазықбайқызы
мен Бекқұлы Әліұлынан өрбіген ұрпақ бас қосқанда.
Каменка ауылы, Қарақыстақ ауылдық округі.