Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті
27 Views Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті 2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,64 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…
Өткен аптада Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық жиын аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
Кеңестің күн тәртібінде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ернар Бағылбеков баяндама жасаса, дала өртін алдын алу және қауіпсіздік шаралары туралы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрболат Қадірханов баяндама жасады.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мал жайылымының мәселелері туралы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Әбенов айтып өтсе, Қорағаты ауылының тазалығына аудан әкімі аппаратының басшысы Жеңіс Адилов тоқталып өтті.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.