Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
46 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметі 2022 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне запастағы офицерлерді 2 (екі) жыл мерзімді әскери қызметке шақыру және офицерлер құрамының бос лауазымдарын сапалы жасақтау мақсатында (32 жасқа дейін) запастағы офицерлерді әскерге шақыруға кандидаттарды қабылдау жүргізілуде.
Қажетті мамандықтар: медициналық мамандар, артиллериялық әскерлер, танк әскерлері, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі, мотоатқыш, бағдарламалық қамтамасыз ету және жұмылдыру ресурстарының есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жөніндегі және жанармайшы мамандары қажет.
Ескертпе: Жұмыс барысында Қарулы Күштері қатарында тұрғын үймен қамтамасыз ету, тегін медициналық қамсыздану, еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу, киім-кешекпен қамтамасыз ету, отбасын қорғау және әлеуметтік қолдау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа кепілдіктері туралы қамтамасыз етіледі.
Б.Ауелбаев,
аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы, майор.