29 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Ең басты миссия – адам өмірін құтқару
475 Views
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осы жарлық негізінде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып белгіленді. Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 27 жыл толып отыр.
Құтқарушылар азаматтық қорғанысының негізі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеудің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резерв қалыптастыруы, сақтауды және пайдалануды, апаттық құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олардың басты міндеті – халықтың бейбіт өмірін, тұтастығы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен біліктілік және тәжірибе керек.
Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 Өрт сөндіру бөлімінде бүгінде 29 қызметкер қызмет атқаруда.Олар өздерінің кәсіби біліктілігімен тәжірибесінің арқасында құтқарушы атағына үлкен үлестерін қосуда.
Аудандық ТЖ бөлімі және
№10 ӨСБ-і.

