24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Айару жүлдемен оралды
376 Views
Таяуда Талас ауданында жылдам шахматтан жасөспірімдер арасында Талас ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Әбілқайыр Сатыбалдиннің 100 жылдығына арналған облыстық турнир өтті. Бұл турнирге ауданымыздың атынан талай байрақты бәсекелерге қатысып, олжалы болып жүрген жас шахматшы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы Айару Каипова да қатысты. Осы турнирде Айару жай бақ сынап қойған жоқ. Жүлделі үшінші орынды иеленіп, өзінің медальдар қоржынын тағы бір жүлдеге толықтырып қайтты.
Топтаманы дайындаған Марат Диханбай.

