23 маусым – Қазақстан полициясы күні
39 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өткен сейсенбіде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қаблет Абдирахманов пен аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтің баяндамалары тыңдалып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, аппараттық кеңесте аудан көлеміндегі құрылыс жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық шаралары және инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар мен ұсыныстар пысықталып, сараланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.