ТАҒАЙЫНДАУ
Жамбыл облысы әкімдігінің
конкурстық комиссиясының шешімімен,
аудан әкімінің өкімімен аудан
әкімінің орынбасары болып АЙБЕК
ЖАХАНБАЙҰЛЫ ТАСЕМЕНОВ
тағайындалды.
Тасеменов Айбек Жаханбайұлы 1985 жылы 27
мамырда дүниеге келген.
2 0 0 8 ж ы л ы Қ а з а қ г ума н и т а рл ы қ — з а ң
университетінің Алматы заң академиясын
«Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2011
жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетін «Қаржы» мамандығы бойынша
аяқтаған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының магистратурасын «Мемлекеттік
және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
тәмамдаған. Жапония, Нидерланды және Германия
елдерінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2008 жылы облыс әкімдігінің ішкі
саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер-
лектор, бас маман, бөлім басшысы қызметтерінен
бастаған.
2 0 1 4 — 2 0 1 9 ж ы л д а р ы о бл ы с ә к і м і н і ң
аппаратының инвестициялар және индустриялық
даму бөліміне жетекшілік еткен.
2019-2020 жылдары «Aurum Deutschland»
ЖШС-нің Тараз қаласы бойынша өкілі қызметін
атқарған.
Әр жылдары Астана қаласындағы «Бәйтерек»
ұ л т т ы қ б а с қ а ру ш ы хол д и н г і н е қ а р а с т ы
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-да
түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2022 жылдан бастап бүгінге дейін Тараз қаласы
әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
