Орталық көшедегі кемшіліктер зерделенді
«Құлан – мәдениет мекені» атты тұжырымдама аясында аудан орталығының кескін-келбетін жақсарту бағытында нақты жұмыстар жалғасуда. Осыған орай аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, оның орынбасары Қайрат Исмаил бастаған жұмыс тобы орталық көшені аралап, бірқатар өзекті мәселелерді зерделеді.
Зерделеу барысында тазалық деңгейі, аялдамалардың сыртқы көрінісі, жол белгілерінің орналасуы, қызыл сызық талаптарының сақталуы және ақпараттық тақталардың жай-күйі жіті назарға алынды.
Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріліп, санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту беріп, қажет жағдайда айыппұл салу қажеттігі айтылды.
Айдана МАҚСҰТ.
