Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
53 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Қазақстан Үкіметі 2025 жылғы 4 желтоқсанда №1043-ші қаулыны қабылданды. Осылайша 2026 жылы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы күшіне енді. Бұл қаулы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32- бабы негізінде қабылданды. Әскерге шақыруға әскери қызметке жарамды, бұрын әскер қызмет өткермеген запастағы офицерлер жатады.
Негізгі талаптар:
– 2026 жылы запастағы офицерлер заңда белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылады;
– әскерге шақыруға бұрын әскери қызмет өткермеген запастағы офицерлер жатады.
Запастағы офицерлерге 2026 жылы Қазақстан заңнамасына сәйкес, бірқатар мүмкіндіктер мен әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. Онда айсайынғы жалақы:
– әскери шеніне;
– лауазымына қарай;
– қызмет өтіліне қарай ай сайын тұрақты жалақы алады. Орташа алғанда 250 000 – 500 000 тенге және одан жоғары.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету
– қызметтік жатақхана немесе пәтер беріледі, немесе тұрғын үй жалдау ақысы төленеді.
Жұмыс орны
– бұрынғы жұмыс орны сақталады;
– қызметтен кейін қайта оралу құқығы бар.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, арнайы ипотекалық мүмкіндіктер (әскери ипотека), келісімшартқа қалып, тұрақты офицер болу мүмкіндігі бар. Қорғаныс саласына жұмысқа тұру да қарастырылған.
Әдетте әскери комиссиялар немесе жергілікті әскери бөлімдер:
– телефон, СМС немесе тіркелген пошта нөмірі арқылы хабарлама жеткізіледі;
– кей жағдайларда мекенжайына барып жеткізіледі.
Әрі қарайғы қадамдар:
– хабарлама алғаннан кейін берілген мерзімде әскери бөлімге келу;
– медициналық тексерістен өту;
– қажет құжаттар мен жеке заттарды жинап, шақырылған мерзімге қатысу;
– қызметке кірісу;
443 бап – Әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту Әскери қызметін орындаудан жалтару, жалған ауру жасау, өзін-өзі жарақаттау, басқа алдау арқылы бас тарту жазаға тартылады. Бұл әрекеттер айлық есептік көрсеткіштің ең көбі 500- ге дейін айыппұл немесе түзету жұмыстары немесе 90 күнге дейін қамау түрінде жазалануы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Заң нақты офицер ретінде шақырылғандарға да қатысты. Егер адам шақырылуды елемесе немесе негізсіз бас тартса, ол қызметтен жалтарған болып саналады. Қылмыстық жазаға (айыппұл, түзету жұмыстары немесе қамау) әрі жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Ж.Сариев,
аудандық Қорғаныс жөніндегі бөлімінің басшысы, майор.