Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
108 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Кештің басты оқиғасы – жаңа Конституцияны қолдауға арналған ерекше футбол матчы болды. Ала доп додасына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, медиа кеңістікте танымал тұлғалар Жансерік Қадырбаев, Арман Жаналиев, Есентай Джасткинг және Темірлан Блушинов қатысып, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар танымал азаматтары да алаңға шығып, мерекелік атмосфераны қыздыра түсті.
Матчтың үзілісінде сахна нағыз концерт алаңына айналды. Көрермендерге танымал әншілер Альтаир & Абби Женис пен Рик өздерінің хит әндерін орындап, стадиондағы көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.
Шара барысында өңірлік коалиция мүшесі Уалихан Болатбек пен жас айтыскер ақын Жанерке Қамбар жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңызын түсіндіріп өтті. Олар тараздықтарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Спорт, өнер және азаматтық белсенділік тоғысқан бұл кездесу Тараз тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды.