Айтпады деп жүрмеңіздер…
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидасына сәйкес, Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 26 ақпан №9-Ө «Жамбыл облысы аумағында бекітілген аңшылық алқаптарда көктемгі аңшылық маусымының ашылуы туралы» бұйрығын назарға ала отырып, Жамбыл облысы аумағында бекітілген аңшылық алқаптарында 2026 жылдың 1 наурыз – 15 мамыр аралығында 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көктемгі аңшылық маусымы ашылғанын хабарлаймыз.
Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректі аулауға тек аңшыда жасанды үйрек немесе тұлыбы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқой (спорттық) аң аулау тек бекітілген аңшылық алқаптарында ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға баруға жолдама қажет.
Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес айыппұл салуға және де әкімшілік құқық бұзушылық құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Аңшылық алқаптарда болған кезде қоқыс қалдырмау, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін ескертеміз.
Бораншы Мырзауали,
«Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекеменің
аңшылықтану маманы.
