Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
43 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
«Алтын сақа» олимпиадасынан жүлдемен оралды
№25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде асық ату спортынан жаттықтырушылық қызмет атқаратын Молдақасым Қайынбердиевтің де есім-сойы көпшілікке жақсы таныс. Молдақасым Қайынбердиев – еңбекқор жаттықтырушы. Әрдайым ізденісте жүреді. Баратын жарысы да көп. Шәкірттерінің ойын тәжірибесіне де жіті көңіл бөледі. Соның нәтижесі болар, жуырда елордасы – Астана қаласында өткен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасында бес асық спортынан оның шәкірттері жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, Нұрсұлу Баушыбай мен Айда Теміржанқызы жүлделі үшінші орын, Аружан Бейсенбай жүлделі екінші орын иеленген екен. Ал командалық есепте Жамбыл облысының құрамасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алыпты. Осындай айтулы жетістікке жету үшін Молдақасым Қайынбердиевтің өзі де, оның шәкірттері де тынбай еңбек еткені анық.
Марат Диханбай.