Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
20 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
«Таза Қазақстан» акциясы аясында білім ошақтары да қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру бағытында түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі.
Аталмыш мектеп-лицейде жақында «Түлектер күні» аясында «Менің атаулы ағашым» атты игі іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектерінің туған білім ордасына деген құрметін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мектеп ауласын көгалдандыру. Акция барысында 9 және 11-сынып түлектері бесенділік танытып, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Әрбір отырғызылған көшет – түлектердің алтын ұя мектебіне деген ыстық ықыласының белгісі. Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың табиғатқа деген жаншырлығы артып, туған жерге деген сүйіспеншілігі нығая түсуде.
«Құлан медиа» ақпарат.