Жақсы іс – әрқашан елдің есінде қаладыесінде

29 Views

Құмарық ауылындағы 1988 жылы дүниеге келген ұл-қыздардың Болтай батыр атындағы орта мектепті тәмамдағандарына биыл 20 жыл толды. Олар 2006 жылы жас түлек атанып, сол жылы алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан болатын. Қазір сол ұл-қыздардың көбісі әр түрлі салада еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына тамшыдай болса, үлестерін қосып жүр.

Жақында Құмарық ауылының 20 жылдық түлектері түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, кездесуді жоғары деңгейде атап өтті. Олар бірлесіп қомақты қаражат жинап, өздері туып өскен ауылдарының спорт залына қажетті құрал-жабдықтар алып берген екен. Білесіздер, біз де талай рет жазғанбыз. Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Баденов қазір 60-қа жуық балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулып, жаттықтырып келеді. Оның айтуынша, жаттығу залының барлық жабдықтары толығымен жаңартылған екен. Оған 800 мың теңге қаражат жұмсалыпты. 20 жылдық түлектердің осылай ауыл жасөспірімдерінің спортпен шұғылдануына жағдай жасап, қолдау білдіргеніне сол күнгі ұйымдастырылған іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев те өз алғысын білдірді. Мұнда сол күні футболдан жарыс ұйымдастырылып, көптеген командалар келіп бақ сынады. Содан соң ұлттық спорт бәйге де өтіп, ат баптайтын атбегілердің көбісі Құмарыққа келді. Футболдан да, бәйгеден де жеңімпаз бен жүлдегер болғандар Құмарық ауылының ұйымшылдығына дән ризашылықтарын жеткізіп, көңілді тарқасты. Түскі үзілісте ауыл мешітінің жанынан салынған асханада құран оқылып, ас та берілді.
Одан бөлек Қаракемер ауылының кіреберісіне арка да орнатылды. Алайда оны кейінірек жазармыз. «Сол кезде арнайы хабар береміз» деді жігіттердің бірі. Әрине, 20 жылдықты жай атап өте салуға да болар. Өздері жиналып, бас қосса да жарар еді. Алайда құт қонған Құмарықтың жігіттері бекем бірліктің үлгісін көрсетіп, осындай игі істер атқарды. Бұл әрине – жақсы үрдіс. Береке мен бірлік бар жерде, осындай тірліктер жасала бермек.
Марат ДИХАНБАЙ.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий