«Ән жырым – саған ауылым!
40 ViewsЖақында «Ән жырым – саған ауылым!» атты «Р етро» вокалды аспапты ансамблінің Ақыртөбе ауылында концерті өтті. Аталмыш ансамбль осындай концертті бұдан кейін Тереңөзек ауылында…
Жақында «Ән жырым – саған
ауылым!» атты «Р етро»
вокалды аспапты ансамблінің Ақыртөбе
ауылында концерті өтті. Аталмыш
ансамбль осындай концертті бұдан
кейін Тереңөзек ауылында да өткізген
болатын. Қос ауылда да ансамбльдің
мүшелері зор алғысқа кенелді. Отан
қорғаушылар күніне орай өткен
жанды дауыстағы концерт кешінде
Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі
Айбек Абишев құтықтау сөз сөйлеп,
ансамбль мүшелеріне толағай табыс
тіледі. Концерт барысында ансамбль
мүшелері қазақ эстрадасының ескі
әндерімен қатар, 80-90 жылдардағы
шет елдік хит әндерді ретро стильде,
яғни кавер нұсқада шырқады.
Концертке жиылған аға буын
өкілдері мен жастар қауымы да
ансамбльдің өнерін қолдап, жоғары
бағалауларын білдірді. Жастық
дәуреннің ырғағын естіп, тіпті топпен
бірге қосыла әндетіп,
ортаға шығып би
билеп, көрермен
өте жақсы қабылдады.
Кешке жиылған жұртшылық мұндай
кешті ұйымдастырушыларға алғыс
білдіріп, естелікке суретке түсіп,
көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Сонымен қатар
кеш барысында топтың
негізгі төрттік
құрамынан бөлек
арнайы қонақ ретінде шақырылып,
өнер көрсеткен қонақтар да болды.
Олар Ақыртөбе орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі, аудан, облыс,
республика, тіпті шетелдік үлкен
сахналарда өнер көрсетіп, ел намысын
абыроймен қорғап
жүрген өнерлі
азаматтар тәрбиелеп,
ауылымыздың
мәдениетін өркендету,
өскелең ұрпақты
өнерге баулу мақсатында елеулі еңбек
атқарып жүрген, сола гитарада өнер
көрсетуші Ембердиев Кәмшатбек
Қ у а н д ы қ ұ л ы , М ұ қ а н Т ө л е б а е в
атындағы балалар музыка мектебінің
қосымша білім беру педагогы, күйші,
бесаспап әнші, асаба, Мият, Бақыт
сияқты алдыңғы қатардағы ағаларының
ізін жалғаушы жас буын «РЕТРО» тобының әншісі Шорманов Тұрарбек
Қанатұлы, Ақыртөбе және Тереңөзек
ауылының жас өнерпаздары Дильмурат
Рахматуллаев, Айзада Бақытқызы,
Жәния Амангелді, Адия Кеңес. Өздеріңіз білесіздер, тарих шеңберінен
сәл артқа шегінер
болсақ, сонау алпыс бесінші жылдар
мен сексенінші жылдар аралығында,
қ а з а қ т ы ң э с т р а д а ә л е м і н д е
«Досмұқасан», «Гүлдер», «Айгүл»
сияқты вокалды аспапты ансамбльдері
музыка әлемінде одақтас республикалар
мен бірге шет елдің рок, поп музыка
шеберлерімен иық тіресе жоғары
деңгейде өнер көрсетіп, Қазақстан
композиторларының әндерімен
бірге,
халық әндерін өңдеп, эстрада бағытнда
бейімдеп жаңа леп әкелді. Міне содан бері вокалды аспапты ансамбльдер
облыс, аудан, ауылдарда қанатын кең
жайып халыққа қызмет көрсете бастады.
Өкінішке орай, тоқсан бесінші
жылдардан бастап, бүгінгі күнге
дейін, компьютермен дыбыс жазып,
фонограммамен орындаушылар шығып,
жанды дауыста ән айтатын шын
таланттар тасада қалды. Қазіргі әлеуметтік
желінің дамыған заманында
жеңіл музыкаға әуестеніп бара жатқан
жастарды, жанды дауыста, жанды
аспаппен орындауға қызықтырып, қайта
насихаттау мақсатында кейбір облыс,
аудандарда саусақпен санарлықтай
ғана вокалды аспапты ансамбльдер
шыға бастады. Осы орайда осынау
ескіні жаңғыртып, жаңамен үйлестіріп,
жастарды жаңа бағытқа қайта бұрып,
1970-1980 жылдардағы есті әндерді
насихаттап, жанды аспаптардың құдіретінің
шексіз екенін көрсетіп, халықпен
қайта қауыштыру мақсатында
Ақыртөбе аймағының, Ақыртөбе,
Тереңөзек ауылының ардагер музыканттары
мен өнердегі азаматтары 2024
жылы «РЕТРО» вокалды аспапты
ансамблін қайта құрған еді. Бұл топ
екі жыл ішінде халық арасында және әлеуметтік желі бойынша да халықтың
сұранысына ие болып үлгерді. Ендеше
топ мүшелерін жеке-жеке таныстырып
өтейік.
Үкібаев Мият Әбілдаұлы. 1971
жылдары
«Қазақконцертте», одан кейін
«Алматы әуендері» ансамблінде өнер
көрсетіп, кейінірек «Қазақстан темір
жолы» акционерлік қоғамдастығы,
Жамбыл облысы филиалының Ақыртөбе
станциясында путейст, механик болып
жұмыс істеп, сол саладан зейнетке
шыққан. Дегенмен өнердің құдіреті сол,
араға жылдар салып, ол өнерге қайта
оралып, дауылпазды көрсе делебесі
қозатындай жағдайға жеткен. Жетпіс
төртке келсе де, жас жігіттей жайнаған
кәсіби музыкант ансамбльде ұрмалы аспапта өнер көрсетеді. Бақыт Сейітбеков. Посткеңестік
дәуірдің тәлім тәрбиесінде есейгенімен
сол кездердегі қағидаттардың шырмауынан,
ХХІ ғасырдың жаһандану,
цифрлық дәуіріне бейімделе білуімен
қатар, осы ғасырдың жастарынан
қалыспай
әлеуметтік желі кеңістігінде
белсенді қарқынмен, топтың, жанды
музыканың көпшілік арасында кеңінен
насихатталып,
танылуы барысында
ансамбьлдің білікті жұмыс жүргізуші
мүшесі, ритм гитарада өнер көрсететін
PR менеджері. Сондай-ақ, топқа
қажетті музыкалық аппаратураларды
жаңалап, түгелдеп отырады.
Дабылбеков Кемел Кеңесұлы.
Шынайы музыканың құндылығын
жоғалтпаудың маңыздылығын дәріптеу
мақсатында аға буын өкілдерімен жас
буынды сабақтастырып, жастарды
аспаппен шынайы жанды дауыста
өнер көрсетуге үйретуші, яғни
музыканың атасы компьютер емес,
адамзат екенін сана биігінде ұстап,
оны әрмен өскелең ұрпаққа дәріптеуді
парыз деп білетін, талай шәкірттер
тәрбиелеп, өнер айдынында жолын
ашқан азамат Т.Рысқұлов аудандық
Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет
үйіне қарасты Тереңөзек ауылдық клубының меңгерушісі, «РЕТРО»
вокалды ансамблінде синтезаторда
өнер көрсетеді.
Шолпан Алиева. Елімізге танымал
талай таланттарды тәрбиелеп шығарған
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының түлегі,
рок, поп стилінде де еркін орындаушы,
сонымен
бірге шетел әндерінің шебер
орындаушысы. Тек жанды дауыста
ән айтатын Шолпан Алиева аудандық
Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет
үйінің әншісі. «Ретро» тобында да ән
салады.
Сымбат ОРДАБАЕВА,
Ақыртөбе ауылдық мәдениет
үйінің үйірме жетекшісі.