Пятница начинается с такого видео
27 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Осы аптада аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты батагөйлер байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен өткен байқауға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы қатысып, ізгі лебізін білдірді. Байқауға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Сәлімбаев, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Әмзе Тәжіков және Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов қазылық етті.
Байқауда 9 ауылдық округтен келген ардагерлер 3 кезең бойынша бақ сынады. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы Көгершін ауылынан келген Меңлібай Биғазиевті жүлделі бірінші орынға лайық көрді. Бұл байқауда Меңлібай Биғазиев расыменде өзінің кітап көп оқитындығын, ұдайы баталар сөздерін жаттап жүретінін ұқтырды. Ал жүлделі екінші орын екеу болды. Атап айтсақ, жүлделі екінші орындарды Абай ауылынан келген Есенғали Құралбаев пен Қорағаты ауылынан келген Аманжол Әлімқұлов иеленді. Үшінші орын – үшеу. Бұл байқауда үшінші орынға Тереңөзек ауылынан келген Жолдас Қайнарбаев, Құмарық ауылынан келген Шәкірт Мансұр және Көкдөнен ауылынан келген Исатай Асаубай ие болды. Байқауға қатысқан өзге қатысушы ардагерлерге әр түрлі номинация бойынша алғыс хаттар берілді. Ал жеңімпаз бен жүлдегер атанған ардагерлерге алғыс хатпен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осылайша Көгершін ауылынан келген ардагер Меңлібай Биғазиев дәл осы байқаудың облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
Марат ДИХАНБАЙ.