Пятница начинается с такого видео
27 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Тұрар Рысқұлов аудандық соты автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) фактісі бойынша У.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 200-бабы 1-бөлігі).
Сотпен анықталғаны:
Сотталушы У., 2026 жылғы 25 сәуірде сағат 05.30 шамасында, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесінде «Maki Maki» алаңында тұрған жәбірленуші К.-ға тиесілі сұр түсті «Subaru impreza» маркалы автокөлігін байқап, оны жымқыру мақсатынсыз, құқыққа сыйымсыз өз билігіне алып кету жөнінде ойға келіп, автокөлік есігінің ашық тұрғанын көріп, оның ішіндегі кілтті алып, содан соң қозғалтқышты іске қосып, көлікті жүргізіп, оқиға орнынан айдап кеткен.
Сот – тауартану сараптама бойынша жәбірленушіге жалпы құны 364 585 теңге материалдық залал келтірген.Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушының жәбірленушімен табысуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды және маскүнемдіктен амбулаторно тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлеу емдеуді тағайындауды сұрады.
Сотталушы У. кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды толық өтегенін, онымен татуласқанын көрсете отырып, өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Сот қаулысы:
ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігінде бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот жәбірленушіге келтірілген материалдық залал толық өтелуіне байланысты азаматтық талап қою бойынша іс жүргізу талап қоюшы талаптан бас тартуына байланысты қысқартылуға жатады деп тұжырымға келді.
Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа берілген У.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Сот қылмыстық жауаптылықтан босатылған У.-ға ҚР ҚК-нің 91-бабы 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес, маскүнемдіктен амбулаторно тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлеу емдеуді тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Тұрар Рысқұлов
аудандық сотының баспасөз қызметі.