Хабарландыру

22 Views

Құрметті Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары! Т.Рысқұлов ауданының барлық 15 ауылдық округі әкімдерінің аппараты ғимаратында ауылдық округ тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.
Құқық кабинеттерінде азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында келесі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер беріледі:
– жер қатынастары;
– тұрғын үй мәселелері;
– әлеуметтік көмек алу;
– еңбек қатынастары;
– кәсіпкерлік қызмет;
– мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі;
– өзге де құқықтық мәселелер. Сонымен қатар тұрғындарға өтініштерді, арыз-шағымдарды және басқа да құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі бойынша бағыт-бағдар беріледі.
Өзіңізді толғандырған құқықтық мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдігі жанындағы «Құқық кабинетіне» жүгініп, мамандардан кеңес алуға шақырамыз.
Аудан әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий