ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 Views

ӨТКЕН СЕЙСЕНБІДЕ
АУДАНДЫҚ МЭЛС
ӨЗБЕКОВ АТЫНДАҒЫ
МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ
ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ
КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ
ШАРА ӨТТІ.

Мерекелік жиынға аудан әкімінің
о р ы н б а с а р ы Е р н а р Қ ұ р а л б а е в ,
аудандық полиция бөлімінің басшысы
Мадияр Қуанышбеков бастаған сала
қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты шара барысында жыл
бойы үздік нәтиже көрсеткен тәртіп
сақшылары марапатталып, олардың
қызметіне жоғары баға берілді. Сонымен
қатар сала ардагерлері мен құқық қорғау
қызметкерлерінің аналарына құрмет
көрсетілді.

Жиын барысында Т.Рысқұлов
ауданы полиция бөлімінің ардагері
Жасұлан Қанатұлын құрметті зейнет
демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Ардагердің көп жылғы еңбегі еленіп,
сый-құрмет көрсетілді.
Шара соңында мәдениет үйінің
өнерпаздары әзірлеген концерттік
б а ғ д а р л а м а к ө р е р м ен н а з а р ы н а
ұсынылды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий