ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢОТБАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

14 Views

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен дамуының басты факторы. Отбасындағы қолайлы ахуал балалардың толыққанды дамуына, азаматтардың әл-ауқатының артуына және қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Сондықтан отбасы институтын нығайту және отбасыларды жан-жақты қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда қоғамда әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, ажырасу деңгейінің өсуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыссыздық, миграция, психологиялық күйзелістер сияқты мәселелер отбасылардың тұрақтылығына әсер етуде. Осыған байланысты отбасыны қолдау жүйесін жетілдіру өзекті міндеттердің қатарына жатады.
Елімізде отбасыларды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қызметтер жүзеге асырылуда. Әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыспен қамту шаралары, психологиялық және заңгерлік кеңестер беру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар өңірлерде Отбасын қолдау орталықтары жұмыс істеп, азаматтарға кешенді көмек көрсетуде. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мәселелердің күрделенуі қолданыстағы жүйені одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Отбасын қолдау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.
1. Ерте анықтау және алдын алу жұмыстарын күшейту.
Көптеген әлеуметтік мәселелер уақытылы анықталмағандықтан күрделене түседі. Сондықтан қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтау маңызды.
Ол үшін:
– мобильді топтардың жұмысын күшейту;
– білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру;
– әлеуметтік тәуекелдерді бағалау құралдарын енгізу;
– цифрлық мониторинг жүйелерін пайдалану қажет.
Ерте анықтау отбасының дағдарысқа ұшырауының алдын алып, әлеуметтік жетімдіктің, құқық бұзушылықтардың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың төмендеуіне ықпал етеді.
1. Кешенді сүйемелдеу жүйесін дамыту.
Отбасылардың мәселелері көбінесе бір ғана бағытпен шектелмейді. Мысалы, жұмыссыздық психологиялық күйзеліске, ал ол өз кезегінде отбасылық жанжалдарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан әрбір отбасыға:
– әлеуметтік қызметкер;
– психолог;
– заңгер;
– жұмыспен қамту маманы бірлесіп қызмет көрсететін кешенді сүйемелдеу тетігін жүйелі жүргізуде.
Әр отбасы үшін жеке жұмыс жоспары әзірленіп, нақты нәтижелерге бағытталған шаралар белгіленіп, орындалуы назарда.
Психологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Соңғы жылдары психологиялық көмекке сұраныс артып келеді. Отбасылық жанжалдар, ажырасулар, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктер психологиялық қолдауды қажет етеді.

Осы бағытта:
– Орталық тарапынан тегін психологиялық кеңес беру қызметтерін кеңейтілді;
– онлайн-консультациялар ұйымдастырылды;
– ата-аналарға арналған тренингтер өткізілуде;
– балаларға психологиялық қолдау бағдарламаларын енгізу маңызды.
Психологиялық тұрақтылық отбасының беріктігін арттыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
2. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Отбасылық мәселелердің басым бөлігі материалдық қиындықтармен байланысты.
Сондықтан:
– жұмыссыз азаматтарды оқыту;
– кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру;
– қысқа мерзімді кәсіптік курстар ұйымдастыру;
– әйелдер кәсіпкерлігін қолдау;
– жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын кеңейтілген түрде жұмыстар жүргізілуде.
Тұрақты табыс отбасының әл-ауқатын арттырып қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдерді де төмендетуде.
3. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасылық әл-ауқатқа елеулі қауіп төндіреді. Осыған байланысты Орталық тарапынан:
– ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
– дағдарыс орталықтарының мүмкіндіктерін кеңейту;
– зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсету;
– агрессорлармен түзету жұмыстарын жүргізу жолүа қойылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде.
4. Цифрландыру және FSM Social платформасының рөлі
Отбасын қолдау жүйесін жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – цифрлық технологияларды тиімді пайдалану. Соңғы жылдары әлеуметтік салада енгізілген FSM Social цифрлық платформасы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи құралдардың біріне айналды.
FSM Social платформасы мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қызметтердің жұмысын үйлестіруге, азаматтардың өтініштері мен сигналдарын жедел қарауға, сондай-ақ, әлеуметтік тәуекелдерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Платформаның негізгі артықшылықтары:
– қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте кезеңде анықтау;
– азаматтар бойынша ақпаратты жүйелеу және талдау;
– әлеуметтік тәуекел деңгейін бағалау;
– көрсетілген қызметтердің нәтижелілігін бақылау;
– мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту;
– әрбір отбасы бойынша жүргізілген жұмыстың тарихын сақтау.
FSM Social арқылы келіп түскен сигналдар негізінде әлеуметтік қызметкерлер отбасының нақты қажеттіліктерін анықтап, консультациялық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетеді. Сонымен қатар әр отбасыға жеке жұмыс жоспары әзірленіп, кешенді сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.
Платформа мобильді топтардың жұмысын да жеңілдетеді. Денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және әлеуметтік қорғау салаларының мамандары бірлесіп әрекет етіп, отбасыларға қажетті көмекті қысқа мерзімде ұйымдастыра алады. Осылайша FSM Social цифрлық платформасы отбасы институтын нығайтуға, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді цифрлық шешім болып табылады.
5. Үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті дамыту.
Әлеуметтік мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше.
Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың серіктестігі:
– әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға;
– халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға;
– жаңа инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.
Отбасын қолдау орталықтарының рөлін күшейту.
Отбасын қолдау орталықтары халыққа жақын орналасқан әлеуметтік көмек көрсету ұйымдары ретінде маңызды рөл атқарады.
Болашақта орталықтардың қызметін келесі бағыттарда кеңейту ұсынылады:
– тәулік бойы кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
– мобильді топтардың санын көбейту;
– ауылдық елді мекендерді қамтуды арттыру;
– онлайн қабылдау жүйесін енгізу;
– әлеуметтік сүйемелдеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу.
Бұл шаралар азаматтардың қажетті көмекті жедел алуына мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, отбасын қолдау жүйесін жетілдіру – қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарты. Әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және экономикалық қолдау шараларын кешенді түрде жүзеге асыру арқылы отбасылардың өмір сапасын арттыруға болады. Ерте анықтау, кешенді сүйемелдеу, цифрландыру, жұмыспен қамту және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілген жағдайда қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің деңгейі төмендеп, берік әрі бақытты отбасылар саны артады.
Мықты отбасы – қуатты мемлекеттің негізі!
“Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы”
КММ- сі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий