Фотошежіре
16 ViewsСуреттер сөйлейді Поделиться ссылкой:
Қазіргі қоғамда адамдардың өмірлік қиын жағдайларға тап болуы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Өмірлік қиын жағдай – адамның қалыпты өмір сүруіне, әлеуметтік қызмет атқаруына және психологиялық әл-ауқатына кері әсер ететін жағдайлар жиынтығы. Мұндай жағдайлар кез келген адамның басынан өтуі мүмкін және ол жеке адамның ғана емес, отбасының, қоғамның және мемлекеттің назарын қажет етеді.
Адамдардың өмірлік қиын жағдайға тап болуының негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, жұмыссыздық, отбасылық жанжалдар, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, денсаулық мәселелері, психологиялық күйзеліс, жақын адамынан айырылу, тәуелділіктер, буллинг пен кибербуллинг, сондай-ақ, қоғамнан оқшаулану жатады. Бұл факторлар адамның эмоционалдық тұрақтылығын әлсіретіп, түрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту, психологиялық көмек көрсету қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, жастар арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты дамыту, зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің өзара байланысын күшейту де үлкен рөл атқарады.
Қорытындылай келе, өмірлік қиын жағдайлардың туындауына көптеген әлеуметтік, экономикалық және психологиялық факторлар әсер етеді. Сондықтан бұл мәселені шешу тек бір мекеменің немесе бір маманның міндеті емес, ол қоғамның барлық мүшелерінің ортақ жауапкершілігін талап етеді. Уақтылы көрсетілген қолдау, кәсіби психологиялық көмек, қолайлы әлеуметтік орта және отбасының қамқорлығы көптеген қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Әрбір адамға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету арқылы біз зорлық-зомбылықтың, суицидтің, құқық бұзушылықтың және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алып, қауіпсіз әрі мейірімді қоғам қалыптастыра аламыз.
А.ШАЙЛАЕВА,
отбасы қолдау орталығының психолог маманы.