Фотошежіре
17 ViewsСуреттер сөйлейді Поделиться ссылкой:
Өздеріңіз білесіздер, былтыр
газетіміздің
85 жылдығы атап
өтілді.
Сол кезде тұтастай бір
нөмір газетке арналып жарияланған
да болатын. Айтпағымыз,
осы 85 жыл бедерінде газет
өздігінен жарық көрген жоқ.
Қаншама зиялы адамдардың
арқасында
түрлі қиындықтар
болса
да, газет жарық көріп
келді.
Сондықтан біздің осы
құтханада еңбек еткен, қаламының
ізі қалған алдыңғы толқын
ағаларымызға алғыстан басқа
айтарымыз жоқ.
Түрлі жиындарда боламын.
Елмен тілдесемін. Былтыр газеттің
85 жылдығында Алматыдағы
Ұлттық кітапханаға хат жазып,
кезінде жарық көрген газет тігінділерін
алуға рұқсат алып,
жинақтаған
да едік. Сонда елдің
аузында да жақсы аты қалған,
газет тігінділерін парақтап
отырып, 1980 жылдары
редакцияда
еселі еңбек еткен
Мырқажы Қайыповтың есімін
көп кезіктірдім.
Мырқажы
ақсақалдың
газетте
өнімді
қызмет еткені көрініп
тұр. Бірде
қазақ тілінде, енді бірде орыс
тілінде де мақала,
очерктер
жазған екен. Айтар
сөзге оңай
болғанымен, ол дегеніңіз
– оңай
емес. Телегей білімің
болмаса,
екі тілде еркін жазу да екінің
бірінің қолынан келе бермесі
анық.
Өнімді еңбек етпесең, ұжымға
да сыйлы болмайсың. Тек күн
өткізіп, көпшілікпен бірге жұмысым
бітті деу – қате түсінік.
Сондықтан
мына заманда тек
журналист қана емес, кез келген
маман иелері әрқашан ізденіп,
көштен қалмай, оқып отыру
керек. Түбі тиіп қашып, жұмыс
істеген сыңай танытқан, көкірек
керіп жүрген қуыс кеуделердің емес, таза жүріп, таза еңбек
еткен, жауапкершілікті әркез
жоғары қойған ақ ниетті адал
адамдардың еңбегі бағаланады.
Мен соған сенемін. Мәселен, міне
Мырқажы Қайыпов секілді.
Адал еңбек еткен адамдардың
іздеушісі
әрқашан табылады.
Оның мысалы тағы да сол –
Мырқажы ақсақал мінеки.
Мырқажы ақсақалдың көзін
көрген, бірге еңбек еткен
ардагер
журналистер Тұрсынхан
Жаманбаев пен Сейсен Қожеке
де ол кісінің қаламына адал,
жан-жақты, көпшіл, адаммен
тез тіл табыса білетін еңбекқор
журналист
болғандығын айтып
еді. Соған қарап-ақ, Мырқажы
Қайыповтың бәзбіреулер ұқсап
бәле іздеп, ешкімге соқтықпайтын,
өзінің дарыны мен қабілетін
білетін шыншыл журналист
болғанын аңғарамыз.
Менің кейіпкерлерім мінеки
осындай адамдар. Адам өзі таза
жүріп, таза еңбек соң, әркез
сондай адамдарды іздейді екен…
Әрине аз! Бірақ біз үшін сол
аздың өзі жеткілікті. Тағы да
қайталап жазған абзал, түбі адал
еңбек еткен адамдардың еңбегі
бағаланады. Оның мысалы тағы
да осы – Мырқажы Қайыпов!
Марат ДИХАНБАЙ.