БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

20 Views

Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар  Есіркепов бұқаралық ақпарат
құралдары қызметкерлерінің
кәсіби мерекесіне орай, ақпарат
саласының өкілдерімен кездесіп,
оларды мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы
журналистиканың қоғамдағы орны
мен маңызына тоқталып, ауданның
тыныс-тіршілігін халыққа шынайы
әрі жедел жеткізіп жүрген ақпарат
саласы мамандарының еңбегіне жоғары
баға берді. Сондай-ақ, ел мен халық
арасындағы байланысты нығайтудағы
бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлін ерекше атап өтіп, шығармашылық
ұжымдарға алғысын білдірді.
Салтанатты жиында аудандық
«Құлан таңы» газетінің бас редакторы
мен «Құлан медиа» ақпараттық
орталығының директоры ауданның
қоғамдық-ақпараттық саласының
дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ауданға сіңірген еңбегі үшін»
медалімен марапатталды. Сонымен
қатар бірқатар БАҚ қызметкерлеріне
Жамбыл облысы әкімінің және аудан
әкімінің Құрмет грамоталары мен
Алғыс хаттары табысталды.
Жиын соңында аудан әкімі ақпарат
саласы мамандарына шығармашылық
шабыт, толағай табыс тілеп, ел игілігі
жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий