Жерлесіміз “Құрмет” орденімен марапатталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай,
жерлесіміз, облыстық «Jambyl» телеарнасының редакторы, білікті
журналист әрі сатирик Бақытжан Советұлы Әлімқұлов «Құрмет»
орденімен марапатталды. Бұл – ақпарат саласындағы көпжылдық
қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің жоғары бағалануының
айғағы.
Жерлесімізді жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтап,
зор денсаулық, отбасына амандық және шығармашылық табыс
тілейміз!
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.
