Олжас – ғаламдық тұлға

22 Views

Жақында Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде Қарақыстақ ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ақын, жазушы, лингвист-ғалым Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына орай, «Олжас әлемі» атты мультимедиялық саяхат өтті.

Іс-шара кітапхананың тұрақты оқырманы Рита апамыздың орындауындағы «Шашу» биімен ашылды. Кітапханашы қонақтарды қарсы алып, Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы кеңінен таныстырды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.
Кітапхананың белсенді оқырмандары Штиберт Максим, Штиберт Ангелина,
Байырбек Наурызбай және Сүйімбек Айшуақ ақын шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында Ержанның орындауындағы «Атамекен» және «Сарбаздар» әні шырқалды. Қатысушыларға Олжас Сүлейменовтің «Бөлтіріктер» шығармасы бойынша дайындалған анимациялық бейнематериал ұсынылды.Бағдарламаның маңызды бөлімдерінің бірі ретінде «Невада – Семей» антиядролық қозғалысына арналған театрландырылған көрініс қойылды. Көріністе ядролық сынақтардың зардабы мен бейбітшіліктің маңызы көркем түрде көрсетілді. Көріністен кейін қозғалыс тарихына арналған бейнеролик көрсетілді.
Кітапхананың белсенді оқырманы Рита апа қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін орындады. Келесі кезекте Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, «Үздік өлкетанушы», Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы Бекқұлы Әліұлы сөз сөйлеп, Олжас Сүлейменовтің 2015 жылы Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық әдеби форумдағы қызметі және түркі-славян халықтарының мәдени байланыстары жөніндегі баяндамасы туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар оқырмандар Сауле Малыбаева, Азиза Кеңес, Арайлым Байрбек және Мерей Байрбек Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегі мен шығармалар жинағына библиографиялық шолу жасап, кітаптардың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталды. Іс-шара соңында ақынның «Айналайын» өлеңі ұсынылып, Тұрар Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мереке Ержанұлы қорытынды сөз сөйледі. Іс-шараға белсенді қатысып, ақын шығармаларын насихаттауға үлес қосқан қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан оқырмандар мен қонақтарға ризашылық білдіріліп, марапаттар мен сыйлықтар ұсынылды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тағылымды әдеби-мәдени кездесулердің маңыздылығын атап өтті. «Адамға табын, Жер,енді!» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, таныстырылды.
Ғ.АЛИМОВА,
Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий