ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СЕРҒАЛИ АЙДАПКЕЛОВ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

33 Views

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан
Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау
науқанына байланысты 17 шілдеде аудан әкімдігі
ғимаратының мәжіліс залында жергілікті тұрғындардың
қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына,
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңына және өзге де
қолданыстағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды кеңінен түсіндіруге бағытталған
ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Жамбыл облыстық
аумақтық сайлау комиссиясының
т ө р а ғ а с ы С е р ғ а л и Ө м і р з а қ ұ л ы
А й д а п к е л о в , к о м и с с и я м ү ш е с і
Еркін Серікұлы Жапаров, Жамбыл
облысы әкімі аппараты басшысының
о р ы н б а с а р ы Б е к ж а н А й д а р ұ л ы
Кеңесбек, аудан әкімі Ернар Серікәліұлы
Есіркепов, аудан әкімінің орынбасары,
аппарат басшысы, бөлім
басшылары, ауылдық округ әкімдері
мен мамандары, құқық қорғау және
құзырлы органдардың басшылары,
мәслихат төрағасы және мәслихат
депутаттары, аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық
кеңестің төрағасы, жергілікті
қауымдастықтың төрағасы, аудандық
саяси партиялар филиалдары мен
үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары
мен өкілдері, сайлау комиссияларының
мүшелері, БАҚ өкілдері мен жас
сайлаушылар клубының мүшелері және
жұмысшы жастар қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың
құқықтық сауаттылығын арттыру,
сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтардың
маңызын түсіндіру,
сондай-
ақ, азаматтардың сайлау үдерісіне
қатысты құқықтары мен міндеттері
жөнінде жан-жақты ақпарат беру.
Кездесу барысында Жамбыл облыстық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы Серғали
Айдапкелов Қазақстан
Республикасының
Конституциясына,
«Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңына
және басқа да заңнамалық актілерге
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
туралы баяндама жасап, олардың
құқықтық негіздері мен практикалық
қолданылуына тоқталды.
Серғали Айдапкелов жаңа қабылданған
Конституцияның басты қағидаттары
– заң үстемдігі, әділеттілік,
тең мүмкіндік, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау екенін айтып,
бес негізгі стратегиялық басымдылыққа
тоқталды.
Олар:
Бірінші, мемлекеттік басқару
жүйесін жетілдіру көзделген. Бұл
мемлекеттік органдардың тиімділігін
арттырып, олардың жауапкершілігін
күшейтуге және шешім қабылдау
үдерісінің ашықтығын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Екінші басымдық – экономиканы
жаңа сапалық деңгейге көтеру.
Инвестиция тарту, өндірісті өркендету,
ауыл шаруашылығын жаңғырту және
кәсіпкерлікті қолдау арқылы тұрақты
экономикалық өсімге қол жеткізу.
Үшінші бағыт – энергетикалық
және инфрақұрылымдық әлеуетті
нығайту. Су ресурстарын тиімді
пайдалану (бірінші кезекте Өзбекстан,
Қырғызстан Республикасы, Қытай,
Ресей мемлекеттері арасындағы трансшекаралық
су объектілерін бірлесіп
басқару және ұтымды пайдалану
мәселелерін қарастыру, жасыл энергияны,
АЭС-ті өндіріске енгізу мен
логистика
саласын дамыту мұнай, газ
құбырларының балама маршруттарын
ашу мәселелері қарастырылуда)
энергетикалық
қауіпсіздікті
қамтамасыз ету,
көлік-логистика саласын дамыту және
өңірлердің
теңгерімді өркендеуіне
жағдай жасау.
Төртінші басымдық – цифрлық
мемлекетті
қалыстастыруға арналған.
Заманауи
технологияларды енгізу арқылы
мемлекеттік қызметтердің сапасын
жақсартып, басқару жүйесінің
тиімділігін
арттыру. Осыған орай елімізде
Жасанды интеллект туралы заң
қабылданды.
Бесінші ең маңызды бағыт – адам
капиталын дамыту. Білім беру, денсаулық
сақтау, ғылым, жастар саясаты
мен әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне
басымдық беру арқылы бәсекеге
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ СЕРҒАЛИ АЙДАПКЕЛОВ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ
АКТИВІМЕН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП,
САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРДЫ
ТҮСІНДІРДІ
қабілетті ұлт қалыптастыру көзделген.
Сонымен қатар елімізде қабылданған
жаңа Конституция аясында, Президент,
Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың
мәртебесі және еліміздің әкімшілік-
аумақтық құрылысы туралы жаңа бес
(Конституциялық Сот Төраға мен он
судьядан тұрады өкілеттік мерзімі 8
жыл) және 3-тармақтарына сәйкес
(Конституциялық Сот Төрағасын ҚР
Президенті тағайындайды, мүшелерін
құрылтай депутаттарының келісімімен
Президент тағайындайды), 83-бабының
1-тармағына сәйкес (Жоғарғы Сот
Кеңесінің Төрағасын Жоғарғы сот
кеңесінің ұсынымымен ҚР Президенті
тағайындайды, өкілеттік мерзімі 6
жыл), 84-бабының 3-тармақшасына
сәйкес (Бас Прокурорды ҚР президенті
тағайындайды өкілеттік мерзімі 6 жыл).
Осы конституциялық нормаларда
аталған
лауазымдарды 1995 жылғы
Конституцияға
сәйкес атқарып жүрген
адамдар, 2026 жылғы Конституция
конституциялық заң бекітілгенін, сегіз
конституциялық заңға және 60-тан
астам заңға, соның ішінде, бірқатар
негізгі кодекстерге түзетулер енгізілу
жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.
Және солардың бірқатарына кеңінен
тоқталып өтті:
Бірінші, «Қазақстан Республикасының
Президенті туралы» конституциялық
заңы:
Онда Қазақстан Республикасы –
демократиялық, зайырлы, құқықтық,
әлеуметтік және унитарлы мемлекет
екендігі айқындалған.
Басқару үлгісі – президенттік
республика.
Ұлттық валютасы – теңге.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы,
аумақтық тұтастығы мен басқару
үлгісінің өзгермейтіндігін айқындады.
Заң Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесін,
өкілеттіктерін және қызметін айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті
жалпыға бірдей тең және төте
сайлау құқығы негізінде жасырын
дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге
бір-ақ рет сайланады (43-1 тармағы.)
Жаңа қабылданған Ата заңда,
жекеленген лауазымды тұлғалар үшін
бір реттік өкілеттік мерзім талабы
қолданылатын конституциялық норма
енгізілуіне байланысты, «Лауазымын
1995 жылғы 30 тамыздағы ҚРК-на
сәйкес атқарып келе жатқан адамдар
2026 жылғы 15 наурызындағы ҚРК-да
көрсетілген қызметке сайлана ала ма не
лауазымға тағайындала ала ма?» деген
сауалмен ҚР Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев ҚР Конституциялық
сотына өтінішпен қайырылды.
Конституциялық Сот 2026 жылы
7 шілдеде №89-нқ нормативтік
қаулысымен аталған мәселеге байланысты
ресми түрде түсіндірме берді.
Аталған түсіндірмеде, «2026 жылғы
Конституциясының 43-бабының
1-тармағына
сәйкес (Қазақстан Республикасының
Президенті), 72-баб
ы н
ы ң 2 — т а р м а қ ш а с ы н а с ә й к е с
күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке
сайлануы не лауазымға тағайындалуы
мүмкін деп түсіну керектігін айқындады.
Құқықтық реттеудің бірізділік
қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік
мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке
де қатысты болады. Сонымен
қатар конституциялық нормалардың
аталған түсіндірмесін қандай
да бір
тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын
немесе сайланатынын
білдірмейді.
Ол тек тиісті тұлғаның сайлауына
немесе тағайындалуына құқықтық
мүмкіндігі бар екенін айқындайды.
Өздеріңізге белгілі жоғарыда атап
өтілген конституциялық нормалардың
негізінде жақында Мемлекет басшысы
Бас прокурорды, Жоғарғы соттың
төрағасын тағайындады.
Заңның басты жаңалықтарының
бірі – Вице-Президент институтының
құрылуы.
Қазақстан Республикасы Вице-
Президентінің
құқықтық мәртебесін
қамтамасыз ету тәртібін айқындады.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Вице-Президентін депутаттардың
жалпы
санының көпшілік даусымен
берілген Қазақстан Республикасы
Құрылтайының
келісімімен Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша Вице-Президент Құрылтаймен,
Үкіметпен және басқада мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимыл
жасау кезінде Президент атынан өкілдік
етеді. Сондай-ақ, Президент айқындайтын
өзгеде өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Екінші, «Қазақстан Республикасының
Құрылтайы және оның депутаттарының
мәртебесі туралы» конституциялық
заң.
Құрылтайды ұйымдастыру мен оның
қызметін, заң шығару процесін және
Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге
асырудың өзге де нысандарын, оның
депутаттарының құқықтық мәртебесін
белгіледі.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Құрылтайы
– заң шығару билігін жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының
жоғары өкілді органы болып табылады.
Құрылтай жалпыға бірдей, тең және
төте сайлау негізінде жасырын дауыс
беру арқылы біртұтас жалпыұлттық
сайлау округінің аумағы бойынша
пропорционалдық
өкілдік жүйе бойынша
(партиялық тізім бойынша) сайланатын
145 депутаттан тұрады.
Жиырма бес жасқа толған, ҚР
азаматтығы
бар, оның аумағында соңғы
он бес жыл бойы тұрақты тұрып жатқан
адам Құрылтай депутаты бола алады.
Құрылтай депутатының өкілеттілік
мерзімі – 5 жыл.
Құрылтайды мемлекеттік тілді
жетік меңгерген депутаттар арасынан
жасырын дауыс беру арқылы көпшілік
дауыспен сайланған Төраға басқарады.
Қ ұ р ы л т а й д ы ң ө к і л е т т і г і н е
тоқталатын
болсақ:
– конституциялық заңдарды және
заңдарды қабылдайды;
– соғыс және бітім мәселелерін
шешеді;
– ҚР Президентінің сайлауын
жариялайды;
– жалпы халықтық референдум
өткізу туралы бастама көтереді;
– Қазақстан Республикасының Вице-
Президентін, Премьер-Министрін,
Конституциялық
Сот судьяларын, Орталық
сайлау комиссиясының, Жоғары
аудиторлық палатаның мүшелерін
тағайындауға келісім береді.
– Қазақстан Республикасы Президентінің
ұсынуы бойынша Жоғарғы
Соттың судьяларын сайлау және қызметтен
босату, Конституциялық Соттың,
Жоғарғы Соттың судьяларын қол
сұғылмау
кепілдігінен айырады;
– жылына екі рет Жоғары аудиторлық
палата Төрағасының есебін
тыңдайды.
Үкімет пен Жоғары аудиторлық
палатаның республикалық бюджеттің
атқарылуы туралы есептерін талқылайды
және бекітеді.
Құрылтай депутаттары жалпы санның
кемінде бестен бірінің бастамасы
бойынша көпшілік даусымен Үкіметке
сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы
және заңда басқада өкілеттіктер айқындалған.
Үшінші, «Қазақстан Халық Кеңесі
туралы» конституциялық заңы.
Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық
мәртебесін, өкілеттігін, құрылу тәртібін,
құрамын қалыптастыруды және
қызметін ұйымдастыруды белгіледі.
Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан
Республикасы халқының мүдделерін
білдіретін
жоғары консультативтік
орган.
Бір сөзбен айтқанда, Халық кеңесі
азаматтардың саяси процеске араласу,
пікір алмасу алаңы болмақ.
Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан
Республикасының азаматтарынан құралады.
Кеңес құрамында тепе-теңдік
қағидаты
негізінде этномәдени және
қоғамдық бірлестіктердің, сондай-
ақ,
астананың, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың мәслихаттары
мен қоғамдық кеңестерінің
атынан
42 адамнан өкілдік етеді (өңірлердің
өкілдері).
Халық кеңесінің жалпы құрамы 126
мүшеден тұрады, оларды Қазақстан
Республикасының
Президенті бекітеді.
Қ а з а қ с т а н Х а л ы қ К е ң е с і н і ң
Төрағасы
Қазақстан Халық Кеңесінің
Сессиясында
төрт жылдық мерзімге
сайланады.
Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі –
төрт жылды құрайды.
Қазақстан халық кеңесінің мақсаты
– мемлекеттік саясатты қалыптастыруға
және іске асыруға консультативтік
тұрғыда қатысу арқылы халықтың
мемлекеттік басқару саласындағы
мүдделерінің білдіруін қамтамасыз ету.
Міндеті – мемлекеттің ішкі саясатының
негізгі бағыттары бойынша жалпы
ұлттық диалогты ұйымдастырады және
қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікпен
ынтымақты нығайту бағытында
қызмет атқарады.
Өкілеттігіне тоқталатын болсақ:
– Мемлекеттің ішкі саясатының
негізгі бағыттары бойынша ұсыныстармен
ұсынымды әзірлейді;
– Қазақстан Республикасы Қүрылтайына
заң жобаларын енгізеді;
– жалпыхалықтық референдум
тағайындау туралы бастама көтереді
және т.б. Сонымен қатар жаңа
қабылданған Конституцияның негізінде
сайлау туралы конституциялық заңға
бірқатар өзгерістер мен толықтырулар
енгізілгені жөнінде баяндады.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Президентін, Қазақстан Республикасы
Құрылтай және мәслихаттардың
депутаттарын, аудандық маңызы бар
қалалардың, ауылдардың, кенттердің,
ауылдық округтердің әкімдерін және
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін сайлауға
дайындық және оны өткiзу кезінде,
сондай-ақ, бірмандаттық аумақтық
сайлау округтері бойынша сайланған
мәслихаттардың депутаттарын кері
шақырып алу кезiнде туындайтын
қатынастарды реттейдi және Республика
азаматтарының ерiк бiлдiру
бостандығын
қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi
белгiледi.
Осы Конституциялық заңмен
реттелетін қатынастар бабына
енгізілген өзгеріс:
Сенат пен Мәжіліс сөзі Құрылтай
болып өзгерді.
Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы»
және «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» заңдарға енгізілді.
Жаңа енгізілген өзгеріске сәйкес,
аудан әкімдері мен облыстық маңызы
бар қала әкімдерін енді облыс
әкімдері
тиісті мәслихаттың келісімімен
тағайындайды.
Сондай-ақ, оларды
қызметтен
облыс әкімі немесе президент
өз
қалауы бойынша босата алады.
Ал аудандық маңызы бар қала, ауыл,
кент ауылдық округ әкімдерін тікелей
сайлау тәртібі бұрынғыдай сақталады.
Заңға енгізілген тағы бір жаңалық
– әкімдер тиісті әкімшілік аумақтық
бірлікте тұруға міндетті болады.
Сайлау құқығы принциптерiне
енгізілген өзгеріс:
Республика Президентiн, Құрылтай
және мәслихаттарының депутаттарын,
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер әкімдерін,
өзге де жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының
мүшелерін сайлау
жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау
құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру
жағдайында өткiзiледi.
Сайлау жүйелеріне енгізілген
өзгеріс:
Құрылтай депутаттары бірыңғай
ж а л п ы ұ л т т ы қ с а й л а у о к р у г і н і ң
аумағында пропорционалды өкілдік
жүйесі бойынша сайланады, яғни
бұрынғыдай бір мандаттық сайлау
жүйесі болмайды.
Ал, пропорционалды өкілдік жүйе
дегеніміз, сайлаушылардың жеке
кандидаттарға емес, саяси партияларға
дауыс беретін сайлау жүйесі.
Президент Құрылтай сайлауын
өткізу туралы жарлыққа қол қойып,
ол күшіне енген күнен бастап саяси
партиялар біртұтас жалпы ұлттық
сайлау округінің аумағы бойынша
Құрылтай депутаттығына сайлау үшін
кандидат ретінде адамдарды (азаматтың
партиялық тізімге енгізуге келісімі
негізінде) партиялық тізімге енгізу
жұмыстарын аяқтады.
Саяси партияның жоғарғы органының
(съезінің) шешімімен бірге
азаматтың яғни, партия мүшесінің
партиялық
тізімге енгізуге келісімі
туралы өтініші ҚР ОСК-на тіркеуге
және сайлауға қатысуға жіберу туралы
мәселені қарауына ұсынылды.
Ал тіркеуге бір саяси партиядан оған
саяси партиялар арасында бөлінетін
депутаттық мандаттардың белгіленген
санының (145+30%) отыз процентінен
аспайтын адамдар саны енгізілген бір
ғана тізім жіберіледі.
Партиялық тізімге үш санат өкілдерінің:
әйелдердің, жастардың,
мүгедектігі бар адамдардың саны
жиынтығында,
оған енгізілген адамдардың
жалпы санының кемінде отыз
пайызын құруға тиіс.
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясы заңмен
айқындалған
өкілеттігі шеңбері негізінде
депутаттықа кандидат ретінде
ұсынылған азаматтардың заң талаптарына
сәйкестігін қарайды.
Сайлаудың қорытындысы бойынша
әр партия алған дауыстарының үлесіне
қарай депутаттық мандатқа ие болады.
Сайлау органдары, олардың
жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
бойынша енгізілген өзгеріс:
Аумақтық сайлау комиссияларын
Орталық сайлау комиссиясы, ал
мәслихаттардың
депутаттарын сайлау
жөніндегі округтік сайлау комиссияларын
және учаскелік сайлау комиссияларын
тиісті аумақтық сайлау
комиссиялары
құрады.
Яғни, Парламент Мәжілісі депутаттарын
сайлау жөніндегі округтік сайлау
комиссиялары таратылатын болады.
Аумақтық сайлау комиссиясының
өкiлеттiгі күшейтіліп:
Осы Конституциялық заңда көзделген
жағдайларда мәслихат депутаттарын,
әкімді сайлауды жекелеген
сайлау учаскелерінде өткізуді жарамсыз
деп танитындығы туралы қосымша
өкілеттілік
берілді.
Яғни, сайлау процесі барысында
заң талаптарын өрескел бұзушылықтар
орын алған жағдайда, аумақтық сайлау
комиссиясы
сол учаскенің жұмысын
жарамсыз деп табады.
Сайлау комиссиясы мүшесiнiң
мәртебесiне байланысты:
Бұрынғы заңда сотталғандығы заңда
белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе
алып тасталмаған адам сайлау
комиссиясының мүшесі бола алмайтындығы
айқындалған болатын. Бұл
тармаққа қосымша сыбайлас жемқорлық
қылмысын немесе сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны
үшін кінәсі заңда белгіленген
тәртіппен сот арқылы танылған адам
сайлау комиссиясының мүшесі бола
алмайтындығымен толықтырылды.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қатысы
бар азамат сайлау комиссиясының
мүшесі
бола алмайды.
Серғали Айдапкелов сөз соңында
кездесуде жоғарыда қабылданған заңдар
мен өзгерістерге толықтырулар
енгізілген заңдардардың барлығына
тоқталу
мүмкін емес екенін айта келе,
облыстық сайлау комиссиясы
сайлаушыларға
сайлау процесін ұйымдастыруға
және өткізуге қатысты заңдар
мен заңнамалық актілерді
түсіндіру
және Құрылтай сайлауына
байланысты
ақпараттандыру жұмыстарын
БАҚ,
әлеуметтік желілер мен сайлау комиссияларының
сайттары арқылы
да
ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
Кездесуде қатысушылар заңнамадағы
өзгерістер бойынша өз пікірлерімен
алмасып, көкейлеріндегі сауалдарын
қойып, тиісті түсіндірмелер
алды.
Кездесу соңында облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы жаңа заңнаманы
түсіндіру және алдағы Құрылтай
сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру
жұмыстары тұрақты түрде
жалғасатынын
атап өтті.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫ

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий