СЕМІЗДІК ғасыр дертіне айналып бара ма?
35 ViewsСоңғы мәліметтер бойынша, бүгінде дүние жүзі бойынша артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетіпті. Ал біздің Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан.…
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Аралау барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, эвакуациялық шығу жолдарын әрдайым ашық ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің қалыпты жұмысын бақылау және электр желілерін қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аудан басшысы өрт қауіпсіздігінен бөлек «Таза Қазақстан»,«Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын басшылыққа алуды, баға тұрақтылығын да бақылауда ұстауды назардан тыс қалдырмауды тапсырды.
Жәнібек СҰЛТАН.