Бақытты балалық шақ – әрбір үйге

32 Views

Жексенбі күні Орталық саябақта балаларға арналған «Бақытты балалық шақ – әрбір үйге» акциясы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды.
Шара барлық қауіпсіздік талаптары мен сақтық шараларын қатаң сақтай отырып өткізілді.
Мерекелік бағдарлама балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етіп, оларға ұмытылмас әсер сыйлады.
«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий