СЕМІЗДІК ғасыр дертіне айналып бара ма?
36 ViewsСоңғы мәліметтер бойынша, бүгінде дүние жүзі бойынша артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетіпті. Ал біздің Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан.…
Соңғы мәліметтер
бойынша, бүгінде дүние
жүзі бойынша артық
салмақ қосқан адамдардың
саны 2 миллиардқа жетіпті.
Ал біздің Қазақстанда 4
миллионнан астам адам
семіздікке шалдыққан. Бұл
елімізде тұратын халықтың
санын ескергенде – үлкен
көрсеткіш.
Қазақ тамақтану академиясының
қызметкерлерінің айтуынша, елдегі
әйелдердің 55,5 пайызы, ал ерлердің
49,2 пайызы артық салмаққа немесе
семіздікке шалдыққан деген статистика
мәліметтері бар. Қазақстандағы ересектердің
50 пайыздан астамы артық
салмаққа ие. Олардың басым бөлігі
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан
және Орталық Қазақстанда тұрады.
Сарапшыларды
бұл аурудың жасарып
бара жатқаны алаңдатып отыр, себебі
қазіргі статистика қырық жыл
бұрынғыдан он есеге артып кеткен.
Қазір тіпті жас балалардың арасында
семіздік жиілеп, дендеп барады. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының
(ДДСҰ) мәліметтеріне сенер болсақ,
дүниежүзінің 18 жастан асқан тұрғындарының
үштен бір бөлігінде артық
салмағы бар екені анықталған. 2035
жылға дейінгі аралықта семіздікке шалдыққан
мектеп жасындағы балалардың
саны 61 пайызға, қыздардың саны 75
пайызға көбейеді деген болжам бар.
ДДСҰ мен еліміздің Қоғамдық
денсаулық сақтау ұлттық орталығының
мәліметінше, еліміздегі 6-9 жастағы
балалардың шамамен 21 пайызы артық
салмаққа ие. Бүгінде әлемде 5-19 жас
аралығындағы 390 миллионнан астам
бала мен жасөспірім артық салмақтан
зардап шегуде. Әлі отыз жасқа толмаған
жігіттердің қарны қампиып, «қозын
қарын» болып шертиіп, екі иығымен
әрең демалып жүргенін көргенде оларды
шынымен аяйсың, жаның ашиды. Қазір
олар әлі жас, ертең жасы ұлғайған
сәтте қарындары сүйретіліп, олар
өздерін қалай сезінер екен? Аяқтардың
буыны сыздап, қадам бастырмай, бел
ауруы жанға батып, бірер қадам басса
ауа жетпей ентігіп, ырс-ырс етіп қара
терге малынып жүргеннің несі жақсы?!
Ертеңін ойламай, бүгінгі өткен бір күніне
риза болып жүрген ойсыз адамдар неге
қоғамымызда көбейіп барады? Семіздік
ғасыр дертіне айналып бара жатқан
жоқ па?
Ғалымдардың айтуынша, дамыған
елдердегі семіздіктің белең алуына
физикалық
жүктеменің азаюы мен
тамақтану
құрылымының өзгеруі
басты
себеп. Кәсіпорындарда қол
жұмыстары жойылып, кір жуғыш машиналар
мен шаңсорғыштар үйдегі
жұмыстың біразын жеңілдетіп тастады.
Көптеген адамдар автокөлікті тіпті
жақын қашықтыққа да пайдаланып,
жаяу жүрісті мүлде ұмытып кетті.
Қоғамдық орындарға лифт, эскалатор
мен автоматты есіктер көп қойылуда.
Оның үстіне, құрамында майы көп және
көмірсуді тез сіңіруші азық-түліктер
көбейе бастады. Мұндай өзгерістер
семіздіктің генетикалық бейімділігін
одан сайын арттыра түсуі ықтимал.
Семіздік – дене салмағының өсуімен,
дененің әр жерінде май жиналуымен
жүретін май алмасуының бұзылуымен
кейіннен асқынуға алып келетін
қиын созылмалы бұзылыс. Семіздік
тек косметикалық ақау емес. Ең
алдымен, бұл – ауру. Кез келген ауру
түрлері сияқты семіздіктен туындаған
асқынушылықтарды жойғаннан гөрі
алдын алу оңайырақ. Теориялық
жағынан, кез келген адам семіздікке
ұшырайды. Бірақ семіздікке шалдығу
қаупі жоғары және басқаларға қарағанда
ауыр өтетін адамдар тобы бар.
Олардың ішінде тұқым қуалаушылық
жолымен берілуі мүмкін ата-анасының,
туыстарының біреуі немесе екеуі де
дене салмағының жоғарылауымен
зардап шегетін адамдар, сонымен
қатар аз қозғалысты өмір сүру салтын
ұстанатындар бар. Тез дайын болатын
өнімдерді (фаст-фудтар, тез әзірленетін
кеспелер, гамбургер, донер және тағы
басқа) шамадан тыс тұтынуды әдетке
айналдырғандар мен эндокриндік
жүйенің, асқазан-ішек жолдарының
ауруларынан зардап шегетіндер де осы
ауруға жиі шалдығады.
Өткен өмірлерімізге зер салып,
әңгімемізді тереңнен бастайықшы.
Техас университетінің жетекші
дәрігері Майкл Яфи Еуропалық проблемасына терең тоқтала келе
бірнеше мысал келтіріпті. «Әлемге аты
таныс суретші Леонардо да Винчидің
әйгілі Мона Лизасының суретіне зер
салып байқасаңыз, портреттегі әйелдің
семіздік пен қалқанша безі ауруы
болуы мүмкін. Италиялық аристократ
Лиза дель Джокондо деп есептелетін
әйелде «артық дене майы» белгілері
бар, сондай-ақ, мүмкін, гипотиреоз –
қалқанша безінің нашар функциясы,
бұл салмақ қосуға ықпал етеді», деп
Bild Яфидің пікірін келтіреді. Дәрігер
Мона Лизаның холестерин мен кератин
деңгейі жоғары болуы мүмкін екенін
мойындады, бұл терісінің сарғыш
реңкінен көрінеді. Яфидің айтуынша,
модельдің семіздігінің қарапайым
себебі – Мона Лизада тағы бір жүктілік
бар сияқты: сурет жазылған кезде оның
төрт баласы болған. Сонымен қатар
дәрігер дәл диагноз қою үшін тексеру
қажет екенін мойындады және тек көзге
көрінетін белгілерді талдады. Дәрігердің
айтуынша, оның Мона Лиза туралы есебі
артық салмақты науқастарға көбірек
жанашырлық көрсетуге шақырады.
Яфи ғасырлар бойы иілген формалар
денсаулық, байлық және жоғары
әлеуметтік мәртебенің белгісі ретінде
қарастырылғанын еске алды. Мысал
ретінде ол XVII ғасырдағы жақсы
тамақтанған музалары сұлулықтың
үлгісі болған фламанд суретшісі
Рубенстің жұмыстарын келтірді.
Семіздікке алып келетін негізгі
себептері – артық тамақтану, гиподинамия,
көмірсуі көп тамақтарды
шамадан тыс пайдалану, тұқым қуалаушылық,
жүйке жүйесінің аурулары,
эндокринологиялық
проблемалар,
гормонды
дәрі-дәрмектер мен антидепрессанттарды
қабылдау. Балалар мен
жастар пайдалы тағамнан гөрі чипсы
мен фастфудты күнделікті рационына
енгізіп алған. Әлеуметтік желі дамыған
сайын, балалардың қозғалысы шектеліп
барады, бұрынғыдай үйдің алаңында
ойнаудан қалған. Олардың басым
көпшілігі компьютер немесе гаджеттердің
алдында күні бойы отырудан
жылықпайды.
Семіздіктің адам ағзасына қалай әсер
етеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
ХХ ғасырдың екінші жартысында сол
кездегі
медицина семіздік пен қант
диабеті
мен жүрек-қан тамырлары
аурулары
арасындағы байланысты
анықтады. Сол сәттен бастап, семіздікті
стигматизациялау басталды, сұлулық
стандарттары сәнге еніп, әйелдерді
салмақ тастауға ынталандырды, артық
салмақ көбінесе әйелдердің денсаулығына
зиян келтірді. Семiздік денсаулыққа
үлкен қауіп төндіретіні
белгілі болды. Ол 2 типті қант диабеті,
артериялық гипертензия, жүрек-қан
тамырлары аурулары мен бауырды май
басу жағдайларын арттырады. Сондай-
ақ, адамның тірек-қимыл аппаратына
және ерлердің де, әйелдердің де ұрпақты
болу функциясына әсер етеді екен.
Семіздік қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің
даму қаупін арттырды. Салмағы үлкен
адамдардың ұйқысы бұзылып, өмір
сүру салты мен физикалық белсенділігі
төмендейтінін күнделікті өмірден көріп
жүрміз. ДДСҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, 2019 жылы әлемде
5 миллионға жуық адам семіздіктен
көз жұмыпты. Статистика бойынша,
инфаркт, инсульт ауруларынан көз
жұматын ер адамдар әйелдерге
қарағанда көп. Өлімнің себептеріне
жүрек-қан тамырлары аурулары, қант
диабеті, қатерлі ісік, инсульт, тыныс
алу және ас қорыту органдарының
созылмалы аурулары жатады екен.
Семіздіктің даму себебіне байланысты
семіздік екіге бөлінеді: экзогенноконституционды
және эндогенді.
Экзогенноконституционды
(алиментарлық)
түрі адамның дұрыс
тамақтанбауына
және аз қозғалуына
байланысты
дамып, тұқым қуалайды.
Эндогенді
түрі ағзада белгілі бір
аурудың себебінен дамиды (бүйрек,
бауыр, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары,
ішкі гармондардың әсері, қант
диабеті).
Қалыпты салмақтың қандай болуы
керегін қалай анықтаймыз? ХІХ
ғасырда француз антропологы Полем
Брок ойлап тапқан қарапайым формуланы
қолдануға болады, яғни бой ұзындығынан
100-ді алып тастағандағы
салмақ.
Массаның 10-30 пайызға артуы
семіздіктің
бірінші, 30-50 пайыз екінші,
ал 50-100 пайыз үшінші деңгейі болып
табылады.
Бірінші кезеңнің өзінде-ақ,
адам көптеген жайсыздықтарға тап бола
бастайды,
ал массаның бір жарым-екі
есеге артуы ауыр дерт ретінде саналады.
Оларға
міндетті түрде емделу талап
етіледі.
Семіздікте ағзада гармондардың
мөлшері артады. Семіздік кезінде
оттегінің ағзаға түсуі азайып, жоғарғы
тыныс жолдары маймен бітелуінен
тыныс алу бұзылады. Бауырды май
басып (жировой гепатоз), бауыр
қызметі бұзылады. Семіздік ауруы
мүгедектік пен өлімге бастап алып
барар артериалды қан қысымы, жүрек
қан тамырлары аурулары, ишемиялық
аурулар, қант диабеті, эндокриндік
аурулардың алғашқы сатысы болып
табылады. Семіздік дертіне шалдыққан
аяғы ауыр әйелдердің жатырындағы
балада ақаулар байқалған, оларда
жүрек-қан тамырлары аурулары, қант
диабеті дертімен дүниеге келу қаупі
көп. Семіздік дертіне шалдыққан
аяғы ауыр әйелдер жүктілік кезеңі
мен босанғаннан кейінгі мерзімде
дерті асқыну қаупі зор топқа кіреді.
Семіздік жатырдағы баланың дамуы
мен зат алмасу, жүрек-қан тамырлары
жүйесінің дамуын тежейді, дүниеге
келген бала семіздік ауруына тез
шалдығады. Ғылыми-тәжірибелік
зерттеулерге сәйкес, семіздік – ана мен
бала өлімінің негізгі себептерінің бірі.
Семіздікті емдеу мультидисциплинарлық
тәсілді қажет етеді. Әртүрлі
профильдегі дәрігерлердің, соның
ішінде диетологтың, психологтың,
эндокринологтың, кардиологтың
және басқа мамандардың қатысуымен
өткізіледі. Есіңізде болсын, артық
салмақты
өз бетіңізбен толық емдей
алмайсыз. Сондықтан дәрігерлердің
кеңесі керек. Мүмкін семіздік бір
аурудың себебінен шығар. Егер олай
болса алдымен сол ауруды емдеу керек.
Семіздіктен емдеудің маңызды жолы
– диета. Рационнан майлы тағамдарды, о нф е т т е р м ен ш о к о л а д т а р ды ,
кондитерлік өнімдерді, тоқашты,
балмұздақ пен басқа да тәттілерді және
майлы, ұнды тағамдарды барынша
азайту қажет. Яғни, күніне оларды 1200
килокалориядан артық қабылдауға
болмайды. Ал қантты шектеу үшін
аспартам мен сахарин пайдалануға
болады. Сонымен қатар ащы, тұщы
тағамдарды да сызып тастауға кеңес
беріледі. Айтпақшы аптасына бір күн
мына тамақтану режимін сақтаңыз:
ауыр жұмыс жасайтын болсаңыз
гарнирге көкөніс пен пісірілген кішкене
ет, ірімшік, шай (барлығы қантсыз
болуы шарт), ал жеңіл жұмыста көкөніс
пен жеміс-жидектер жеу қажет. Ал
бұдан да жақсы шектеуді тек диетолог-
дәрігер бере алады.
Семіздік бар ма, жоқ па қалай
білеміз? Ең алдымен, әрине, салмақты
бақылау. Семіздік, әсіресе, балалар
үшін қауіпті саналады. Семіздік
– балалық шақтағы аса таралған
дерттердің бірі. Балаларда кездесетін
семіздік II типті қант диабетінің,
артериалдық гипертензияның, ұйқы
бұзылыстарының даму қаупінің жоғары
болуымен қосарланады. Болашақта
мұндай балаларда психологиялық
және әлеуметтік мәселелер байқалады.
Сонымен қатар балалық шақтағы
семіздік ересек жастағы семіздік даму
ықтималдығын арттырады. Орташа
шамамен алғанда, семіздікке шалдыққан
балалардың өмір жас ұзақтығы сау
құрбыларына қарағанда 5 жылға кемиді
екен.
Егер ата-ана баласының салмақ
қосып жатқанын, денесінде созылмалы
жолақтар пайда болғанын байқаса, бұл
артық салмақтың белгісі. Қазір баланың
салмағын қадағалауға көмектесетін
қосымшалар бар. Онда баланың
деректерін тіркеп, мысалы, бүгінгі
күнді, салмағы мен бойын жазады, одан
кейін пайыздық көрсеткіш шығады.
Егер көрсеткіш бұдан жоғары болса,
бұл артық салмақ бар деген сөз. Иә,
сөйтіп, өмір салты мен тамақтану
әдетінің өзгеруі семіздікке әкелуде.
Тамақты аз жеу, теледидар мен гаджет
қарап отырып тамақтану, фастфудтар,
тәтті тағамдар мен құрамында қант, тұз
бен зиянды майлар көп ультраөңделген
өнімдерді жеу балалардың әдетіне
айналған. Баланың денсаулығын
қалыптастыратын факторлардың
бірі – қозғалыс белсенділігі. Бүгінгі
балалардың көпшілігі күнінің көп
бөлігін интернетте, компьютерлермен
және смартфондармен өткізеді. Ұйқы
мен демалу режимі, көру және қалып
бұзылады, қозғалыс белсенділігі
дерлік жоқ. Сарапшының пікірінше,
әдеттердің басым бөлігі отбасында
қалыптасады, сондықтан семіздіктің
алдын алуда ата аналар негізгі рөл
атқарады. Балаларды дұрыс тамақтануға
үйрету керек. Біздің ата-аналарымыз,
әже-аталарымыз соғысты, аштықты
көрген буын, сондықтан бізге қандай
тамақ болса да, тауысып жеу керек деп
үйретті. Ал қазіргі буынның жөні басқа.
Тамақ тоқ, неше түрлі дәрумендер
алуға жағдай бар. Сондықтан балаға
дастарқан үстінде торт пен жемістер
тұрса, бірінші тортқа емес, жемістерге
қол созғанның дұрыс екендігін үйрету
керек.
Әр ата-ана балаларына өзі үлгі
болуы керек. Егер бала ата-анасының
гаджетке телмірмей, спортпен белсенді
айналысып жүргенін көрсе, ол да сондай
қағидатты ұстанады. Баламен сөйлесу
керек, қызығушылығын сұрақтар
қою арқылы ояту маңызды. Мысалы
баладан оған не ұнайтынын, қандай
спорт түрлерін білетінін сұрау арқылы
соған бейімдей алады. Бала кезде
семіздікке шалдығу ертең денсаулыққа
елеулі зардап әкелуі мүмкін. Ол
бойдың өсуіне, жыныстық жетілуге,
репродуктивті жүйенің қалыптасуына
кері әсер етеді. Қыз балаларда бұл ерте
етеккірдің басталуымен және циклдің
бұзылуымен білінсе, ұл балаларда
жыныс мүшелерінің дамуы баяулауы
ықтимал. Болашақта мұндай мәселелер
бедеулікке алып келуі әбден мүмкін.
Ә р и не с е м і з д і к п р о б ле м а с ы
туындап, тіпті ол эпидемияға айналып
бара жатқанын ескере отырып, оны
емдеуге хирургтар да белсенді араласып
кетті. Семіздікке, артық салмаққа
шалдыққан 10 адамның тек 1-2-еуі
ғана дәрігер талаптарын бұлжытпай
орындап семіздіктен арылатын болса,
8-9-ы өзін-өзі бақылай алмайды
екен. Сондықтан қазір жер-жердегі
медициналық орталықтар заманауи
технологиямен жабдықталып, мамандар
оқытылып, профессор Орал
Оспановтың
бастауымен «Қазақстан
Бариатрикалық және Метаболикалық
Хирургтер Қоғамы» республикалық
бірлестігі осы мақсатта құрылған болатын.
Салмақтары 100 килограмнан
асқан науқастарды хирургиялық, яғни
бариатриялық оталар (асқазан көлемін
азайту тәсілдері) Астана, Алматы және
де басқа қалалардың клиникаларында
жасалып жатыр. Әрине, ондай хирургиялық
көмек арықтаудың басқа жолы
болмағанда, көмек бермегенде ғана
орындалуда. Қазір Америкада семіздік,
артық салмақтан арылту мақсатында
жылына 200 мың операция жасалады
екен, ал 8 миллион ғана халқы бар
кішкентай Швецияда 8 мың адам отаның
көмегіне жүгінеді. 20 миллион халқы
бар Қазақстанда бірнеше жүзге жуық
адам ғана семіздіктен, артық салмақтан
арылу үшін ота үстеліне жатады.
Сонымен мақаламызды қорытындылай
келе, семіздік ел-жұрт арасында
кең таралып бара жатқан аурулардың
бірі деп ашық айтуға болады. Артық
салмақ атеросклероз, гипертониялық
ауру, қант диабеті сияқты аурулардың
қауіп факторы болып есептелінеді.
Семіздікпен ауыратындар арасында
өлім-жітім жоғары және ол мына
өмірден ерте алып кетеді.
Соңғы онжылдықтарда адамдардың
тағамдық дағдылары және мінез-құлқы
аса өзгерген. Тағам өнімдерінің саны
өскен, дайын өнімдер мен жартылай
фабрикаттар пайда болған. Олар және
гиподинамия (дене белсенділігінің
төмендігі, аз қозғалу) адам өміріне
және денсаулығына кері әсер етіп
жатқанын мойындауымыз керек. Көптеген
мемлекеттер бүгіндері семіздікті
маңызды медико-әлеуметтік мәселе
ретінде қарайды. Семіздікке жол бермеу
үшін оның алдын алу шараларын
жүргізіп, ауруды дер кезінде анықтап
емдемесе, адамның денсаулығы мен
өміріне қауіп төнеді. «Ең бастысы, адам
тамақтанғанда шаманы білу керек.
Бір бәліш жедің бе, сол жерден тоқтай
білу керек. Өзіңді өзің қадағалағаның
жөн. Семіздік туралы ой қорытқанда
«Адам қасықпен өзіне-өзі көр қазады»
деген ұғым бар. Мұны дәрігерлер
емес, халық айтқан. Ең дұрыс диета
– барлығын жеуге болатын диета, тек
шаманы білу маңызды. Кейбір адамдар
арықтаймын деп, мәселен, тек қана
қарақұмық жейді, ол дұрыс емес, ондай
диетадан адам артық қылам деп, тыртық
қылып алады, өліп қалуың мүмкін,
себебі қарақұмықта адам ағзасына
қажетті барлық элементтер жоқ. Адам
тамақ жеген кезде бір уақытта жейтін
тамағының мөлшері өз алақанына
сыятын болуы тиіс, одан асып кетсе,
ол артық тамақ болып есептеледі», –
дейді астаналық әріптесім, медицина
профессоры Орал Оспанов.
Семіздіктің алдын алу үшін салауатты
өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану
және көкөніс пен жемістерді
көбірек пайдалану қажет. Міндетті
түрде
күн сайын физикалық жүктемеге
мән беріңіз: жүру, жүгіру, велосипед,
суда жүзу, арнайы емдік гимнастикамен
шұғылданыңыз. Егер денсаулығыңыз
көтеретін болса массаж, минералды
ванна мен моншаның да пайдасы бар.
Артық салмақтан арылу үшін келесі
ұсынымдарды ұстану қажет:
– күнделікті таңертең аш қарынға 1
стақан жылы су ішу;
– қара шайдың орнына көк шай ішу;
– тағам ретінде көкөністер-жемістер
және түрлі шөптерді пайдалану;
– тамақты суға, буға және тоқ пеште
пісірген абзал (қуырылған тағамды
шектеген жөн);
– аптасына бір рет жеңіл тамақтану;
– дене белсенділігімен (әртүрлі
спорт түрлері, дене шынықтыру, қол
жұмыстары және т.б.) айналысу.
Артық салмақ қосқаныңызды байқаған
сәттен бастап спорт және қауіпсіз
диетаның көмегімен арықтауға тырысу
керек. Егер әсері болмаса, дәрігерге
қаралғаныңыз артық болмайды. Артық
салмақтан арылу өз қолыңызда.
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
жоғары санатты хирург,
медицина ғылымдарының
докторы,
профессор.