ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ АЛАҢЫАЛАҢЫ
Бүгінгі қоғамда әрбір азаматтың елдегі маңызды саяси үдерістерден хабардар болуы – аса маңызды. Сол жолда баспасөздің атқаратын рөлі ерекше. Таңымызды газетпен бастап, ондағы жарияланған әрбір мақала мен пікірге өзіндік бағамызды береміз. Әсіресе, аудандық газетіміздің мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жан-жақты саралап, алдағы Құрылтай төңірегіндегі ой-пікірлерге кеңінен орын беруі – оқырманның қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына ықпал ететін игі бастама.
Алдағы Құрылтай – ел ертеңіне бағыт-бағдар беретін маңызды алаң. Оның нәтижелі өтуі де, көзделген мақсаттарының жүзеге асуы да қоғамның әр мүшесінің белсенділігі мен азаматтық ұстанымына байланысты. Әрбір ұсыныстың ескеріліп, ортақ мәмілеге келуі – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
Ел сенімін арқалаған таңдаулы өкілдер халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін биік мінберден лайықты жеткізіп, ел игілігіне қызмет ететін ұтымды ұсыныстарын ортаға салады деп сенеміз. Халық сеніміне адал болып, берген уәдесіне берік азаматтардың парасатты пікірлері мен нақты бастамалары қоғамның дамуына серпін берері сөзсіз. Осындай игі істердің нәтижесінде бірлігіміз нығайып, мемлекетіміздің болашағы бұдан да жарқын боларына кәміл сенеміз.
Шаншархан АЛАШ,
Қызылшаруа ауылы.

