Ұлы халықтың – ұлы Абайы

39 Views

Аудандық кітапхана мен аудандық пробация бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы » атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш Абайдың «Бойы бұлғаң» әнімен ашылып, шараға аудандық пробация бөлімінің тізімде тұрған азаматтары қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы Абай шығармаларына арналған кітап көрмесіне шолу жасап, кітап қорындағы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді таныстырды. Абайдың өлеңдері, қара сөздері мен философиялық ойларының мән-маңызына тоқталып, ақын мұрасын кеңінен насихаттады. Кештің мазмұнын тереңдете түскен ерекше сәт Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқуы болды. Ұлы ақынның тағылымға толы ойлары көпшілікке рухани ой салып, адамгершілік, білім, еңбек пен елдік туралы құнды пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар кеш барысында Абайдың әндері орындалып, қатысушылар ақынның сырлы да сазды шығармаларын бірге шырқап, әдебиет пен әуенді үндестірген әсерлі көңіл күй қалыптастырды.
«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» – ақынның рухани мұрасын дәріптеп қана қоймай, қатысушыларды өнерге, кітап оқуға, білім мен ізденіске баулитын тағылымды шара болды.
Кеш соңында барша қатысушылар Абайдың жүрекке жылы, сырлы «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындап, әдеби кешті әсем әуенмен қорытындылады.
Б.ҚАШЫМ,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД аудандық пробация бөлімінің инспекторы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий