СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

24 Views

Ауданда  бұқаралық
спортты дамытуға және
тұрғындардың салауатты
өмір салтын қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бүгінде аудан көлемінде 209 спорт
нысаны жұмыс істеп, тұрғындар
үшін қолжетімді әрі ақысыз қызмет
көрсетуде.
Спортшылардың биылғы жетістігі де
көңіл қуантады. 2026 жылдың алғашқы
алты айының қорытындысы бойынша
аудан спортшылары түрлі деңгейдегі
жарыстарда 147 медаль жеңіп алды. Оның
ішінде 65 алтын, 43 күміс және 39 қола
медаль бар.
Спорт күні қарсаңында аудан абыройын
асқақтатып, спорттың дамуына үлес қосып
жүрген бірқатар спортшылар аудан әкімінің
Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен
марапатталды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий