ПРЕЗИДЕНТ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен
ұлттық экономиканы дамыту және
бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде
кеңес өтті.
Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов,
Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр,
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов,
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан
Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин,
Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі
көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы
министрі Мәди Тәкиев қатысты.
Президентке экономиканың қазіргі ахуалы
туралы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, 2027-
2029 жылғы республикалық бюджет параметрлері
жөнінде мәлімет берілді. Талқылау барысында
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономикалық
өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-
ақ, республикалық және жергілікті бюджет
теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап
өтті. Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға
арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет, спорт ғимараттары секілді инфрақұрылымдық
және әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетіп салу керек екенін айтты.
AKORDA.KZ.

