АДАЛ МЕН АРАМ ТАБЫСТЫҢ айырмашылығы қандай?
Ислам діні тазалық пен пәктіктің
негізінде құрылған. Алла Тағала мүмін-мұсылмандарға адал кәсіп, адал жол
арқылы ризық-несібе табуға, сондай
ақ, ризық-несібелерден тек тазасынан
(адал,халал) қолдануға бұйырады.
Бұл жайында Құран Кәрімнің Бақара
сүресінің 168 аятында былайша баяндайды: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі
нәрселердің адалын әрі тазасынан
жеңдер!» (Бақара сүресі, 168) Жаратушымыздың бұл әмірі пендесінің
пайдасы үшін. Пәк нәрселерді жеген,
әрі одан пайдаланған адам әрқашан
саулықта болары сөзсіз. Сондай-ақ,
осындай пәктік пен тазалыққа бұйырған
Раббысына пендесінің шүкіршілік
етуі оның борышы болып саналады.
Пайғамбарымыз с.ғ.с. өзінің хадисінде
былай дейді: «Сендерге не нәрсе адал
етілген болса, одан қолданыңдар,
ал енді арам етілген нәрселерден
шеттетіліңдер» (Ибн Мәжә). Және тағы
бір хадисте: «Ризықтың ең жақсысы,
ең тазасы және ең қайырлысы ол өз
маңдай терімен, еңбектеніп тапқан
на ны» – деп айтылады. (Бұхари
риуаяты). Адал кәсіппен арам кәсіптің
айырмашылығын, ризықтың жолдарын
былайша түсінуімізге болады. Жалпы
ризық талап етушінің үш түрлі амалы
бар.
Біріншісі, барлық ризық-несібе,
байлық, мүлік адамның өз күшімен,
білімімен, парасатымен, қабілетімен келеді деп сенеді.
Екіншісі, «Аллаға тәуекел еттім,
Алла өзі асырайды» деп қол қусырып
отырады.
Үшіншісі, қолдан келген қызметін атқарады, амалын жасайды,
еңбектенеді, содан кейін ісін Аллаға
тапсырады. Жаратушы қаласа ғана
адал ризық келеді деп түсінеді, дұғасын
жасайды. Мұның жағдайы көктемде
жер қазып, дән егіп, күзде егін орып
аламын деп үміттенген диқаншы
адам іспеттес. Ең дұрыс амал үшінші
адамның амалы дұрыс амал болып
саналады.
Өйткені Пайғамбарымыз с.ғ.с.:
«Егер сендер Аллаға дұрыс тәуе-кел етсеңдер еді, онда Ол сендерді,
таңертең аш кетіп кешке қарындары
тойып қайтатын құстарды тамақтандырғанындай ризықтандырар еді»,
– деген. (Тирмизи риуаяты) Жалпы
адал мен арам табыстың арасы жер
мен көктей.
Суфиян Сәури былай дейді:
«Арам ақшамен садақа берген, мешіт
салдырған, жақсылық істеген адам,
кірлеген киімді зәрмен жуған адамға
ұқсайды. Киімі одан сайын кірлейді».
Адал табыс адамды имандылыққа
үйретеді. Арам табыстың берекесі жоқ
болады. Осыны ұмытпайық жамағат.
Үмбет САБЫРХАНОВ,
«Әл-Хақ» мешітінің имамы.
