БАСТЫ МІНДЕТ – ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

30 Views

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ
ҮЙІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ӘРІПТЕСТІК ПЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК
ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ
ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ
ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ
ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ж и ы н ғ а а у д а н ә к і м і Е р н а р
Е с і р к е п о в , « Ж а м б ы л о б л ы с ы
Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық
кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
Бағлан Қарашолақов, «Жамбыл облысы
оқу­ағарту, ғылым және жоғары білім
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік
одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Ерұлан Мағзымбеков, «QazMed»
медицина және онымен сабақтас салалар
қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»
бірлестігінің Жамбыл облыстық
филиалының төрағасы Нұрлан
Махашов, «ҚР Құрылыс кешені және
тұрғын үй­коммуналдық шаруашылығы
қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»
қоғамдық бірлестігінің Жамбыл
облыстық филиалының төрағасы
Әзімхан Қилыбаев, сондай­ақ, мекеме
және кәсіпорын басшылары қатысты.
Отырыста еңбек қатынастарын
заңдастыру, еңбек шарттарын бірыңғай
жүйеге енгізу, әлеуметтік аударымдарды
сәйкестендіру және міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесі
аясындағы жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар жұмыс берушілердің
міндетті төлемдерді уақтылы аударуы
мен берешекті өтеу мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында еңбек
заңнамасының сақталуын қамтамасыз
ету, еңбек қатынастарын заңдастыру
және әлеуметтік әріптестікті нығайту
бағытында жауапты мамандарға тиісті
тапсырмалар берілді.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий