КӨКДӨНЕН – ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН АУЫЛ

30 Views

Мен осы Көкдөнен ауылының жастарына риза боламын. Ұйымшыл.
Үлкенді сыйлай біледі. Барлығы да бірбірін тыңдай біледі. Кертартпалық, не
болмаса «Менікі дұрыс» деген өктем
пиғыл ауыл жастарының ешқайсысында
жоқ. Барлығының көздегені – өздері
туып өскен ауыл көркейсе деген ниет.
Болды. Басқа ештеңе де жоқ. Оған сан
мәрте көз жеткізіп жүрміз.
Өткен сенбі күні Көкдөнен ауылында
жаңа спорт алаңы ашылды. Құны
35 миллион теңгені құраған жаңа
жаттығу алаңының салынуына да
себепкер болған – ауыл жастары. Әрине
үлкендердің ақ батасымен барлығы.
Жаңа спорт алаңының ашылуына аудан
әкімі Ернар Есіркепов те қатысып,
құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы
өз сөзінде жыл өткен сайын мемлекет
тарапынан әрбір ауылдарға жіті көңіл
бөлініп отырғанын айтып, Көкдөнен
ауылы жастарының бастамасымен
іске асқан дәл осындай спорттық жаттығу алаңы ауыл жасөспірімдерінің
бұқаралық спортпен шұғылдануына зор
мүмкіндіктер беретінін жеткізді.
Көкдөнен ауылы тұрғындарының
ауызбіршілігі расымен де көп ауылдарға
үлгі болса дейсің. Бұл ауылдың тұрғындары «Асарлатып үй салу» жобасы
бойынша үй салды. Мешіт жанынан
жаңа асхана да соқты. Наурыз мерекесі
өтетін алаңға жаңа сахна да салды. Енді
міне, жаңа спорт алаңы ашылып отыр.
Әр ауылда осылай болса дейсің. Жаңа
спорт алаңының салынуына әсіресе
ауылдың 1989, 1990, 1991, 1992, 1993
және 1994 жылы туылған жігіттердің
көп еңбектері сіңді. Бұның бәрі Көкдөнен
ауылы тұрғындарының ауызбіршілігі
мен ұлардай ұйып отырған бірлігінің
нәтижесінде іске асырылып отыр. Қалай
қуанбайсың. Қуанасың әрине. Сенбі
күні ашылған жаңа спорт алаңының
ашылу рәсіміне ауыл ақсақалдары,
ауданнан да аға буын өкілдері арнайы
шақырылды. Көкдөнен ауылдық
округінің әкімі Төлеген Атабаев та ізгі
тілегін жеткізді. Түрлі марапаттар да
табыс етілді. Осы спорт алаңындағы
негізгі дәнекерлеу жұмыстарын ақысыз
істеген ауыл азаматтары Хамит
Тайгелов пен Бақытжан Сұлтанқұловқа
аудандық мәслихаттың депутаты Ердос
Сақпанқұлов пен жеке кәсіпкер Нұржан
Орақбаев ат мінгізіп, иығына шапан
жапты. Міне – жақсы іске бет бұру,
жақсылықты көре білу, «Ауылына
қарап азаматтарын таны» деген осы.
ТҮЙІН СӨЗ: Қазір жастың да,
жасамыстың да, қарттың да ұстағаны –
ұялы телефон. Барлығымыз әлеуметтік
желіні қолданбаймыз дей алмаймыз,
қолданамыз. Сол әлеуметтік желіңізде
түрлі оқиғаны әркім әрқилы жеткізеді.
Ақыры бастадық қой, айтайық. Кеше
таксиге отырдым. Жұмыс жақтан
түсетінімді алдын ала ескерткен едім.
Көлік жүргізуші егделеу кісі екен.
Редакцияда жұмыс істейтінімді сезе
Көкдөнен – ынтымағы жарасқан ауыл
қойды ма, маған «Газет шығып жатыр
ма осы?» деп сұрақты төтесінен қойды.
Мен газеттің шығып жатқанын айттым.
«Бұрындары газет оқушы едік. Мынау
әлеуметтік желі дегеніңіз – «бәле»
болды ғой. Өтірікті шындай, шынды
Құдай ұрғандай етіп, жаза береді»
дейді. Мінеки, тура солай деді. Сөзбесөз жазып отырмын. Көлік жүргізуші
ағамыздың айтып отырғаны рас қой.
Жылт еткен жаңалықты, әсіресе,
қайғылы жағдай болса, не болмаса
біреу сөзден жаңылып, ағаттық жіберсе,
бірді­бірге соғып, бірінен­бірі алып,
көшіріп баса беретін қаптаған сайттар
мен инста парақшалар бар. Солардың
астындағы пікірлерді оқысаң ғой, не
деген «ақылды адамдар» дейсің іштей.
Біздің аталарымыз жақсылығын
асырып, жамандығын жасырмап па еді…
Бізде қазір бәрі керісінше. Жақсылықты
жасырамыз, жамандықты әй кеп бір
асырамыз­ау… Осыны неге ойланбаймыз
біз. Жақсылыққа қуана да, жақсылықты
көре де білген жөн. Әлеуметтік желідегі
«көп мықтының» пиғылы белгілі ол.
Өздерінің қарақан қамы үшін барлығы.
Талайының жағдайы көрініп те қалып
жатыр ғой, байқасаңыздар. Қазақты –
қазақ жамандағаннан ешкім ұтпайды.
Ұтылмаса. Әркім өз ісіне адал болса,
жұмысы таза болса, барып­келіп күн
өткізбей, жауапкершілікпен еңбек етсе,
елдіктің мәртебесі сонда ғана өрісті
болмай ма? Әрине – солай. Оны бәріміз
білеміз…
Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий