КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

40 Views

Сенбі күні аудан аумағында күзгі екі
айлық санитарлық тазалық шаралары
және «Таза Қазақстан» экологиялық
акциясы аясында 200­ден астам адам қатысқан сенбіліктер ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар Құлан қалашығының
тарихи­мәдени ескерткіш аумағы мен
ескі қоқыс полигонының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қалашық аумағындағы құлаған қоршаулар қалпына келтірілді.
Атқарылған жұмыстар – қоршаған
ортаға деген жауапкершілікті арттырудың, туған жерге деген жанашырлықты нығайтудың айқын көрінісі.
Алдағы уақытта да аудан аумағында
абаттандыру және санитарлық тазалық
бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде  жалғасатын болады.
Өз тілшіміз.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий