ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ –қоғамның берік негізі
Ағымдағы жылдың 8 қазанында
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Отбасын
қолдау орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Қайыңды ауылындағы
Р.Смайлов атындағы орта мектепте
ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Қайыңды ауылдық округінің
тұрғындары мен мектеп оқушылары
қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – отбасылардың әлеуметтік мәселелерін анықтау,
тұрғындарға мемлекеттік қолдау
шаралары туралы түсінік беру және
қиын жағдайға тап болған азаматтарға
қажетті көмек алу жолдарын көрсету.
Іс-шара барысында ауыл тұрғын дарымен жеке және топтық форматта
әңгімелесу жүргізіліп, олардың
әлеуметтік қажеттіліктері мен өзекті
мәселелері назарға алынды. Мамандар
мемлекеттік қолдау тетіктері, әлеуметтік қызмет түрлері және тиісті
көмекті алу тәртібі жөнінде кеңінен
түсіндірді. Сонымен қатар мектеп
оқушыларымен өткізілген әңгімелесу
барысында отбасы құндылықтарын
құрметтеу, өзара сыйластық пен
жауапкершілікті қалыптастыру
мәселелеріне баса назар аударылды.
Жасөспірімдерге өмірде қиындықтар
туындаған жағдайда тиісті мамандарға
жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылардың
сауалдарына жауап беріліп, қажеттілігіне
қарай әлеуметтік, психологиялық және
құқықтық көмек алу мүмкіндіктері
туралы ақпарат ұсынылды. Мұндай
кездесулердің маңызы зор. Өйткені
отбасының берекесін сақтап, қоғамдағы
өзекті мәселелердің алдын алу үшін
тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, оларға дер кезінде қолдау көрсету – маңызды міндеттердің бірі.
Отбасыларға көрсетілген әрбір көмек
пен түсіндірілген әрбір ақпарат олардың
ертеңге деген сенімін нығайтуға ықпал
етеді.
Эльмира ЖУНИСОВА,
Отбасын қолдау орталығының
әлеуметтік қызметкері
