Қайсар мінез, қайтпас рух иесі

32 Views

Жақында Тасшолақ ауылдық
кітапханасы кітапханашысының
ұйымдастыруымен «Егер Қайрат
бүгін тірі болса…» деген тақырыпта
патриоттық іс-шара өтті. Іс-шара
барысында 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының тарихи маңызы
сөз болып, қазақ жастарының
ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі
туралы айтылды.
«Егер Қайрат бүгін тірі болса…»
тақырыбында өткен шарада патриотизм,
тәуелсіздік, елге қызмет ету және азаматтық жауапкершілік мәселелері
турасында сөз қозғалды. Оқушылар өз
ойларын ортаға салып, бүгінгі ұрпақтың
басты міндеттері – сапалы білім алу,
адал еңбек ету, туған жерді құрметтеу,
мемлекеттік тілді қадірлеу, ел тарихын
білу және Қазақстанның дамуына
үлес қосу екенін атап өтті. Сонымен
қатар іс-шара барысында тәуелсіздік тақырыбында көркем сөз композициясы
ұсынылды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы
Бақыткүл Утеулиева Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаянына тоқталып,
«Қабірден хат» монологын оқып берді.
Жаңатұрмыс ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Сауле Азимжанова
«Қайраттың ерлігі – ұлт рухының
өшпес үлгісі» атты көрмеге шолу
жасап, таныстырды. Іс-шара соңында
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры Мереке Ержанұлына сөз беріліп, ол өз
сөзінде жастарға патриоттық тәрбие
берудің маңыздылығы туралы айтып
өтті. Іс-шараға қатысқан оқырмандарға
сый-құрмет көрсетілді.
Кәдіржан ДЕМЕСИНОВ,
Тасшолақ ауылдық
кітапханасының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий