42 ViewsКазахстан укрепляет позиции в мировом туризме: строительство Almaty SuperSki вышло в активную фазу Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу развития путешествий…
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
14 Views
ӨМІРБАЯНЫ
Бейбіт Амалбек Мақсатұлы 1997 жылдың 11 желтоқсанында Құлан ауылында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақ Ұлттық
аграрлық зерттеу университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. Еңбек
жолын 2020 жылы Тереңөзек ауылдық округінде ветеринариялық дәрігер болып бастаған. 2021-2022 жылдар аралығында
аудандық ветеринариялық зертханасында ветеринар дәрігер болып еңбек еткен. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін
Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінде эпизоотолог маман болып жұмыс атқарады.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №3 бірмандаттық сайлау округінің сайлаушылары! Мен Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының
депутаттығына №3 сайлау округінен өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отырмын. Қарға тамырлы қазақ үшін ауылдың мәні де
маңызы ерекше. Мен депутаттыққа атақ қуып, бос мақтан үшін емес, ауыл халқының әл-ауқатын арттыру үшін барамын.
«Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың драйвері» екені белгілі. Мен бұл сөзді босқа айтып отырғаным жоқ.
Бұл саланы дамыту тенденциясын жақсы білемін. Сондықтан көпшілік мені қолдайды деген сенімдемін.
Дәл қазіргі сәтте біз үшін тұрақтылық маңызды. Әлемдегі геосаяси жағдай өршіп тұр. Біздің елдегі ішкі саяси тұрақтылықтың
сақталуы – бейбітшіліктен. Болашағымыз жарқын болсын десек, біз, ұдайы осы қалпымыздан айырылмауымыз керек. Бұл
тұрғыда «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» сияқты қоғамдық ұйымдармен қатар белсенді жастармен бiрлесiп, ауылдың
ынтымағын жарастыруға бағытталған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуы қажет. Жастарымызды мәдени-көпшілік және
спорттық іс-шараларға тартып, олардың бос уақыттарын тиімді өткiзуге қолайлы жағдай жасау керек. Ауылдың санитарлықэкологиялық тазалығын сақтай отырып, елдi мекендi абаттандыру бағытында мақсатты түрде жұмыстар атқарылуы тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар да көп қазір. Мемлекеттік «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қаншама
жас үй ала алмай жүр. Егерде депутаттық мандатқа ие болып жатсам, көптеген мемлекеттiк бағдарламалардың ауыл
тұрғындарына тиімділігін түсіндіріп, осы бағыт бойынша жұмыс жасайтын боламын.
Ауыл халқын қандай проблемалар алаңдатады? Ауыз су, электр жарығы, газ және жол мәселесі. Өзім сайлауға түсіп
отырған №3 округ тұрғындарының талап-тілегі үнемi менің бақылауымда болады.
Маған сенім артқан халықтың үмітін ақтау үшін менің тарапымнан талап етілетін міндеттерді адал орындауға уәде
беремін. Болашақта көпшілікпен бірге бiрлесiп, көптеген жұмыстарды тиімді әрі сапалы атқарамыз деп ойлаймын.
Құрметті сайлаушылар! Сайлауға белсенді қатысып, дауысыңызды адал азаматқа беріңіз.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
