ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

20 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Альпеисов Данияр Бейсенбекұлы 1981 жылдың 21 қарашасында Луговой ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Тұрар
Рысқұлов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, осы білім беру ұйымын 1998 жылы бітіріп шыққан. 1998-2003
жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «Инженер-технолог» мамандығы бойынша
бітірген. 2006-2008 жылдары Шымкент қаласы, Шымкент университетінің «Заңтану» мамандығын, 2014-2016 жылдары
Шымкент қаласы, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Дене шынықтыру және спорт»
мамандығы бойынша бітірген.
2005-2006 жылдары М.Горький атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2009-2015 жылдары
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» КММ-де ұйымдастырушы маман, 2015-2020 жылдары
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорт әдіскері, 2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов
ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының меңгеруші қызметін
атқарған. 2022 жылдың 1 мамырынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және
спорт бөлімі «Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» КММ-нің директоры қызметін атқарып келеді. Аудандық
мәслихаттың 8-ші шақырылым депутаты болған.
Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен өздеріңізге сеніп, «Respubliсa» партиясынан №12 округтен тағы да сайлауға түсіп отырмын.
2023 жылғы сайлауда өздеріңіз мені қолдап, дауыс берген едіңіздер. Сол кезде берілген уәделерімнің басым бөлігі орындалып,
өз шешімін тапты. Осы жолы да мен өздеріңізге сенім арта отырып, саяси науқанға кандидатурамды ұсынып отырмын. Бұл
жолы да мені қолдайсыздар деп ойлаймын. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда мына мәселелерге көңіл аудармақпын.
Луговой – әскери қалашық аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге ықпал жасауға, С.Есімов орталық көшесін
орташа жөндеу жұмыстарына назар аударуға, М.Мәметова, Ақбұлақ, Жәбира көшелерін орташа жөндеуге көңіл бөлуге,
орталық саябақ, аллея, 2 шағын ауданы және Желтоқсан көшелерінде орналасқан балалар ойын алаңшаларына ағымдағы
жөндеу жұмыстарын жүргізуге әрекет етуге, Е.Шәймерден, М.Мәметова, Қарасу, Теміржолшы, Исаева көшелері бойынша
балаларға ойын мен спорт алаңшаларын соғуға қолғабыс жасауға, Қуанышбекұлы, Ә.Болыс, Ақсарай, Ахметжанов, Арай
көшелерін жарықтандыруға назар аударуға, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі мен М.Горький атындағы орта мектептеріне
күрделі жөндеу жұмыстарын және Т.Әубәкіров негізгі мектебіне жапсарлас құрылыс жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлуге,
жаңа тұрғын үй алқаптарына ауыз су желісін жүргізуге ықпал жасауға, ауылдық округ балансындағы су құбыры желілерін
ағымдағы жөндеу жұмыстары, яғни М.Мәметова, Т.Рысқұлов, Игілік, С.Есімұлы, А.Дәулетұлы, Алматы құрылыс, Әбіқұл
Тазабекұлы, Саяқбай Әденұлы көшелеріне және тұрғын үй салуға инфрақұрылым жүйелерін жүргізіп, жер телімдерін кезектегі
азаматтарға беруге атсалысуға, Әбіқұл болыс көшесінің бас жағын жарықтандыруға ықпал етуге қолымнан келгенше әрекет
ететін боламын.
Құрметті жерлестер! Депутаттық мен үшін – мәртебелі атақ емес. Алайда қал-қадірім жеткенше, ауылымның мәселелерін
атқарушы билік өкілдерінің назарына жеткізсем деймін. Мен 8-ші шақырылымда да депутат болдым. Яғни тәжірибем бар.
Оның үстіне, өткен шақырылымдағы уәде еткен көп жайттардың барлығы шешімін тапты. Бұл жолғы саяси науқанда да
белсенділік танытып, мені қолдайсыздар деген сенімдемін. 29 қараша күні өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының
сайлауында маған дауыс беріңіздер. Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий