ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

20 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Асқаров Абылай Айдосұлы 1995 жылдың 1 қыркүйегінде Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қаныш
Сәтбаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2013 жылы аталмыш білім ордасын бітірген. 2014-2018 жылдар
аралығында Құлан агротехникалық колледжінде зоотехник мамандығын, 2018-2022 жылдары М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінде музыкалық мамандығын тәмамдаған. Білімі – жоғары. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа
дейін Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты Жаңатұрмыс ауылдық клубының мәдени іс-шара
ұйымдастырушысы болып қызмет атқарады.
Отбасылы. 2 қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Жас болсақ та, болашақ ұрпағымыздың
өмірін ойлайды екенсің кейде. Міне, осындай ой мені толғандырады. Сайлауға сол үшін де қатысуға бел будым.
Құрметті сайлаушылар! Мен аудандық мәслихат депутаттығына №6 сайлау округінен түсіп отырмын. Депутаттыққа
түскен себебім, атақ қуу, я болмаса жеке басымның мүддесі емес. Өзімізде де бала-шаға бар. Жоғарыда да айтып өттім,
солардың болашағы жарқын, ешқандай таршылық көрмей өссе екен дейсің. «Елге адал қызмет ету керек» дегенді жиі айтып
жатамыз ғой. Міне, біз соны өзімізден бастау керекпіз. Біз секілді жастар кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуі керек. Мені
сайлауға түсуге итермелеген осындай ой ғана. Жас ұрпаққа өмірлік тәжірибеден алған ақылымызды айтып, олардың алға
қойған мақсаттарына аз да болса ықпал етсем, мен үшін үлкен жетістік болары анық.
Егер депутат болып сайлансам, №6 сайлау округіндегі шешілмей тұрған өзекті мәселелерді мінбеде тұрып, міндетті
түрде айтатын боламын. Айталық, Жақсылық ауылында мәдениет үйі жоқ. Мысалы, Көгершін, Рахым Сәбденов, Ақыртөбе
ауылдарында спорт кешені салынды. Ал, бокстан Сидней олимпиадасында чемпион болған Ермахан Ыбырайымов дүниеге
келген ауылда спорт кешені жоқ. Депутат болып жатсам, осы проблемаларды міндетті түрде көтеретін боламын. Мен
азамат ретінде барлық мәселені шешуге қолымнан келгенше ықпал етуге тырысамын. Сонымен қатар аз қамтылған отбасы
балаларына берілетін ыстық тамақтың сапасын басты назарда ұстаған жөн. Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков
атындағы орта мектептің күрделі жөндеуден сапалы өтуін қадағалайтын боламын. Одан бөлек өзім мәдениет саласында
еңбек ететіндіктен, жұмысымның негізгі өзегі – осы салаға арналмақ. Жақсылық ауылында мәдениет ошағының жоқ екенін
бәріміз білеміз. Бұл әрине, көңілге қаяу салады. Дегенмен қазіргі таңда ел Президенті тарапынан мәдениет саласына көп
көңіл аударылып отыр. Жақсылық ауылына мәдениет үйін салу мәселесі алдағы жылдары өз шешімін табады деп ойлаймын.
Көкдөнен ауылы бойынша айтатын болсақ, бұл ауылда көптеген әлеуметтік нысандар салынған. Енді ауылға керегі тек – спорт
кешені. Осы мәселе бойынша мен өз тарапымнан жұмыстар атқарған болар едім. Мені қолдап, дауыс беріңіздер!

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий