ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН НЕГІЗІ

23 Views

Жастар – елдің ертеңі ғана емес,
бүгінгі қоғамның белсенді күші.
Олардың тың идеясы, жігері мен
ізденісі қоғамның алға жылжуына
серпін береді. Сондықтан әрбір жас
өз мүмкіндігін дұрыс пайдаланып,
білімін жетілдіріп, пайдалы іспен
айналысып, туған елінің дамуына үлес
қосуға ұмтылғаны жөн. Елдің болашағы
– жастардың қолында. Ал жастардың
жарқын болашағы – олардың алған
біліміне, еңбегіне, тәрбиесі мен
азаматтық ұстанымына байланысты.
Белсенді әрі жауапкершілігі жоғары
жастар көбейген сайын қоғам да
жаңарып, елдің келешегі кемелдене
түседі. Туған жердің дамуына үлес
қосу – үлкен істерден ғана басталмайды.
Кейде бір тал көшет отырғызу, ауыл
тазалығына атсалысу, үлкенге көмек
көрсету, қоғамдық іске белсенді қатысу
секілді қарапайым әрекеттердің өзі
елге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Сондықтан бүгінгі жастарға артылар
сенім де, жауапкершілік те жоғары.
Жастардың әрбір жақсы бастамасы
қолдау тауып, олардың бойындағы
жігер мен ізденіс ел игілігіне бағытталса,
қоғамның да болашағы жарқын болмақ.
Жастар – қоғамның жаңаруы мен
дамуының негізгі қозғаушы күші. Қай
кезеңде де елдің ертеңін ойлаған халық
жас ұрпаққа үлкен үміт артқан. Себебі

бүгінгі білімді, белсенді, еңбекқор жас
– ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Қазіргі таңда жастардың жан-жақты
дамуына, білім алып, кәсіби бағытбағдарын анықтауына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мол
мүмкіндік жасалып келеді. Жастардың
бос уақытын тиімді ұйымдастыру,
олардың шығармашылық қабілетін
дамыту, спортпен айналысуына жағдай
жасау, түрлі қоғамдық бастамаларға
тарту – маңызды бағыттардың бірі.
Қайыңды ауылдық округінде де
жастардың қоғам өміріне белсенді
араласуына ерекше мән беріліп келеді.
Ауыл жастары түрлі қоғамдық, мәдени
және спорттық шараларға қатысып,
туған жердің көркеюіне өз үлестерін
қосып жүр. Сенбіліктер мен тазалық
акцияларына қатысу, қайырымдылық
шараларын ұйымдастыру, мерекелік
және танымдық іс-шараларға атсалысу –
жастардың азаматтық жауапкершілігін
арттыратын маңызды жұмыстар.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілетін
кездесулер мен жобалар да жас буынның
белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мұндай шаралар жастардың өзара
тәжірибе алмасуына, жаңа бастамалар
көтеруіне және қоғамдағы өз орнын
табуына мүмкіндік береді. Жастардың
қ о ғ а м д а ғ ы  р ө л і  т е к  қ о ғ а м ды қ

жұмыстармен шектелмейді. Білім алу,
мамандық меңгеру, адал еңбек ету, кәсіп
бастау, отбасылық құндылықтарды
сақтау және елдің дамуына үлес қосу
– әрбір жастың азаматтық міндеті.
Әсіресе ауыл жастары үшін туған
жердің болашағына бей-жай қарамай,
ауылдың өркендеуіне атсалысу маңызды.
Бүгінгі таңда жастар арасында еріктілік
мәдениеті де қалыптасып келеді.
Қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылған
жастар үлкендерге құрмет көрсетіп,
көмекке мұқтаж жандарға қолдау
білдіріп, қоршаған ортаны қорғау
бағытындағы бастамаларға қатысуда.
Бұл – жас ұрпақтың бойындағы
мейірімділік пен жауапкершіліктің
көрінісі. Сонымен қатар жастардың
ұлттық құндылықтарды дәріптеуі де
ерекше маңызға ие. Ана тілін құрметтеу,
салт-дәстүрді сақтау, тарихты білу,
туған жерді қадірлеу – елжанды ұрпақ
тәрбиесінің негізі. Өзінің өткенін білген,
бүгінін бағалаған жас қана болашаққа
нық қадам жасай алады.

Р.ТОРҒАЕВА,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің Қайыңды ауылдық
округінің жастармен жұмыс
жөніндегі маманы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий