38 ViewsКазахстан укрепляет позиции в мировом туризме: строительство Almaty SuperSki вышло в активную фазу Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу развития путешествий…
Отбасы бақыты – ел бақыты
27 Views
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат
құндылықтардың бірі. Әрбір адамның
өмірге деген көзқарасы, тәрбиесі,
адамгершілік қасиеттері мен болашаққа
деген сенімі отбасынан бастау алады.
«Отан – отбасынан басталады» деген
дана халқымыз отбасының қоғамдағы
ерекше орнын ертеден-ақ бағалаған.
Отбасы бақыты – тек материалдық
байлықпен өлшенбейді. Ол – шаңырақтағы сыйластық, өзара түсіністік,
мейірім мен қамқорлық. Ата-ананың
балаға берген тәрбиесі, үлкенге көрсеткен құрметі, кішілерге деген ізеті
– берекелі отбасының басты белгілері.
Бір-біріне қолдау көрсетіп, қиындықты
бірге еңсере білген жанұяның шаңырағы
әрдайым биік болады.
Қазақ халқы отбасылық құндылықтарды ерекше қастерлеген. «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке
көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер» деген мақал-мәтелдер бала
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқын
көрсетеді. Отбасында қалыптасқан
жақсы қасиеттер мен ұлттық тәрбие
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғамның
дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда отбасы институтын
нығайту, жастарға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, балалардың сапалы тәрбие алуына жағдай жасау – қоғам
алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Себебі әрбір тату, тәрбиелі, ынтымағы
жарасқан отбасы – мемлекеттің берік
тірегі. Елдің болашағы – саналы ұрпақтың қолында. Ал саналы ұрпақтың қалыптасуы берекелі отбасынан басталады. Сондықтан отбасының тыныштығы мен бақыты – тек бір шаңырақтың
ғана емес, тұтас қоғамның жетістігі.
Қорыта айтқанда, отбасы бақытты
болса – қоғам да бақытты, шаңырақ
берік болса – мемлекетте мықты.
Өйткені отбасы бақыты – ел бақытының
бастауы. Әр шаңырақта шаттық
пен береке, әр жүректе мейірім мен
сүйіспеншілік орнасын.
Рысбике КЕРІМБАЙ,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің Абай ауылдық округі
бойынша жастар ісі жөніндегі
маманы.
