Жыл бойы жұмыс істейтін таулар: Алматы тау кластері қала экономикасын қалай өзгертеді?

44 Views

Алматы – таудың баурайындағы мегаполис қана емес, сонымен қатар жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптасып жатқан қала.
Шымбұлақ, Кімасар, Бутаковка, Пионер және Ой-Қарағай сияқты бес тау аумағын біріктіретін Алматы тау кластері (АТК) тау туризмін жыл он екі ай жұмыс істейтін экономиканың маңызды саласына айналдыруды көздейді.
Бұл қалаға не береді?
Туристер ағынының артуы. 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға әуе рейстерін іздеу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өсті.
Жаңа инвестициялар. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Алматының туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 137,8 млрд теңгеге жетті.
Бизнестің дамуы. Қонақүйлер, мейрамханалар, көлік компаниялары, жабдықтарды жалға беру және туристік қызмет көрсету салалары жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Жаңа жұмыс орындары. Жоба болжамына сәйкес, кластердің дамуы 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Білікті мамандар даярлау. Almaty Tau Academy туризм, спорт және сервис салаларындағы мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру экожүйесінің бір бөлігіне айналады.
Ең бастысы, тау инфрақұрылымы тек қыс мезгілінде ғана емес, жыл бойы сұранысқа ие болады. Жазда және маусымаралық кезеңде туристерді жаяу және велосипед маршруттары, экскурсиялар, отбасылық демалыс пен спорттық бағдарламалар күтеді.
АТК болжамы бойынша, жобаны іске асырудың жиынтық экономикалық тиімділігі жылына 1 трлн теңгеден асуы мүмкін.
Бұл – туристік инфрақұрылымды дамытудан да ауқымды бастама. Бұл – кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер, тұрақты жұмыспен қамту, инвестициялар және Алматының халықаралық туристік имиджін нығайту.
Енді таулар қаланың табиғи байлығы ғана емес, Алматы экономикасының жаңа қозғаушы күштерінің біріне айналады.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий