Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Сәуір айының 14-і күні сағат 01:40 шамасында Т.Рысқұлов ауданының таулы аймақтарында бұршақ аралас қатты нөсер жауын жауып, салдарынан тауға жақын орналасқан Ақыртөбе, Өрнек, Құмарық, Жарлысу, Әбжаппар, Көкдөнен ауылдарында таудан келетін ағын суға жауын суы қосылып, су көлемі біршама көтерілді. Арықтар арқылы ағып келген жауын суының жиналуынан Ақыртөбе ауылының Көктал көшесі бойында орналасқан 5 үйдің аулаларына, Көкдөнен ауылының Ш.Уәлиханов көшесіндегі 1 үйдің ауласына, Жарлысу ауылындағы 4 үйдің қора-жайларына су кіру дерегі орын алған. Сонымен қатар Ақыртөбе ауылының 3 көпірін, Өрнек ауылының 2 көпірін, Сәлімбай ауылының 1 көпірін су шайып, бүлінген. Су тасқынымен күресуге техникалар (1 дана МТЗ-82,1 экскаватор, 1 дана су соратын арнайы вакумдық техника, 1 дана кран, тиегіш, камаз 15.т,) жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су арналарындағы су мөлшері төмендеген. Аудан тұрғындарына келетін қауіп жоқ. Су деңгейі көтерілу салдарынан аулаларына су кірген әрбір үй иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүлінген, бұзылған және жөндеу қажет ететін аула, тұрғын үй, қора-жай жоқ. Адам мен мал шығыны орын алмаған. Су тасқынынан зардап шеккендер жоқ. Су тасқынының алдын-алу жұмыстары тұрақты бақылауда. Су тасқынының алдын-алу, оны болдырмау жұмыстары бойынша аудан әкімдігі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметі тарапынан орын алған ауылдарда тиісті шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.