Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
38 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Апта басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Бұл жолы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің ауқымы кең болды. Оның ішінде ауыз су, кәсібін жалғастыруға және баспана соғу үшін жер телімін алу, жұмысқа орналасу, жайылымдық жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне тұру, Ауған соғысының ардагерлеріне лайықты көңіл бөлу, балаларға арналған ойын алаңын салу және №2 шағын орталықты орта мектебіне спорт зал салу туралы сауалдармен қайырылды.
Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Мөлдір Тастанбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.