Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Соңғы уақытта көп қабатты үйлердің терезесінен және биіктіктен балалар мен жасөспірімдердің жазатайым құлауы жиілеп кетті. Балалардың өз бетінше терезеге шығуы, масақана торларына сүйкенуі, ата-ананың қарауынсыз қалуы – орын алған жағдайлардың себептерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап облыс аумағында балалардың терезеден құлауы бойынша 6 қайғылы оқиға (Жамбыл ауданы – 1, Сарысу ауданы – 1, Тараз қаласы — 4) орын алды.
Осыған орай:
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау үшін қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз!
– ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз;
– терезе жабык тұрған кезде де терезенің алдына балаларды шығармаңыз;
– балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз.
Жоғарыда аталған ережелерді балконға қатысты да сақтау керек.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.